Тілді оқыту және ОӘК: жетілдіру ізденісі
Қаралымдар: 192 / PDF жүктеулері: 99
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-128-134Кілт сөздер:
тілдік деңгей, лексикалық-танымдық тақырып, мемлекеттік стандарт, лексикалық минимум, мәтін, оқылым, тыңдалым, рухани мұраАңдатпа
Мақалада білім беру, оқыту үрдісінде «Қазақ тілі» пәні тәжірибелік сабақтарының оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) қазіргі талап тұрғысынан қарастыру мен тіл
үйрету әдістемесі сөз болады. ОӘК-нің лексикалық-танымдық тақырыптарын даярлауда белгілі бір ережелерді орындау, тіл бағдарламалары мен стандарттарындағы көрсеткіштерді есепке алу ұсынылады. Оқылым, тыңдалымға арналған мәтіндердің көлемі мен
мазмұнын талдау, монолог-диалогтардағы лексикалық минимум рөлін арттыру – басты
мәселелердің бірі. «Қазақ халқының дүниетанымындағы рухани құндылықтарды» арнайы
бөлім ретінде енгізу және оны меңгеруге арналған жаттығулар мен тексеруге қолайлы
тапсырмаларды әзірлеу – білім саласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырумен түсіндіріледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




