Абай өлеңдерінің шығу тарихы
Қаралымдар: 457 / PDF жүктеулері: 1662
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-82-91Кілт сөздер:
Абай шығармалары, арнау өлеңдері, шығу тарихы, табиғат лирикасыАңдатпа
Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің бас ақыны, ағартушы, ұлт
сөз өнерін әлемдік деңгейге көтерген Абай Құнанбайұлы шығармаларының, оның ішінде
өлеңдерінің шығу тарихын зерделеу. Әрбір өлеңнің қандай оқиғаның үстінде жазылғаны, арнау өлеңдерінің кімге арналғаны, ол адамдардың Абай өміріне қатысы, яғни олардың, ақынға қандай жақындығы бары, табиғат лирикасының жазылу тарихы, сол кездегі
оқиғалардың ақын өміріне қаншалықты әсер еткені, оны оқиғаның өлеңдердегі ізі, т.б.
мәліметтердің барлығы толықтыруды, жаңартылуды керек етері даусыз.
Мақалада арнау өлеңдеріндегі әрбір кейіпкердің ақынның өмірінде алатын орны, табиғат лирикаларының қай жылы, қай жерде жазылғаны, қай қыстаудың, я жайлаудың
тасы мен ағашын немесе бұлағын суреттегендігі, осы өлеңді жазған уақыттағы ақынның көңіл-күйі, сол шақта Абайдың өмірінде қандай оқиғалар болғандығы талданды.
Сонымен қатар, Абай өмірі туралы естеліктер пайдаланылды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




