Қазақ зергерлік бұйым атаулары: аудару және көптілді тезаурус құрастыру мәселелері
Қаралымдар: 337 / PDF жүктеулері: 213
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-135-2-55-63Кілт сөздер:
Зергерлік лексика, терминология, көптілді электрондық сөздік/тезаурус, аударма, этнолингвистика, компьютерлік лингвистикаАңдатпа
Жаһандану кезеңінде ұлттық сәндік бұйым атауларының мәні, шығу төркіні, ұлттық сипаты ұмытыла бастаған еді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық құндылықтардың бірі ретінде
зергерлік бұйымдарға және олардың жасалу, қолданылу ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды.
Қазақ әшекей бұйымдары этнография, тарих, мәдениет, тіл саласындағы отандық зерттеушілер тарапынан жан-жақты зерделенді. Алайда қазақ тіліндегі зергерлік бұйым атауларын, олардың ерекшеліктерін салыстыра-салғастыра зерттеу арнайы зерттеу пәні ретінде қарастырыла қойған жоқ. Әшекей бұйымдарға қатысты лексиканың шет тілдеріне аударудың ерекшеліктерін саралау да жеткіліксіз.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы лингвистикалық зерттеулерден жаңашыл көзқарасты талап етеді. Қазіргі цифрландыру кезеңінде заманауи инновациялық сөздіктерді түзу қажеттігі
туындап отыр. Мұндай сөздіктерге тіл және ақпараттық технологиялар мамандары бірлесіп әзірлейтін
түрлі сала бойынша көптілді электронды сөздіктер/тезаурустар жатады. Мақалада осы зергерлік бұйым
атауларының аударылуы мен тезаурус түзу мәселесі талдау нысанына алынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




