Ахмет Байтұрсынұлы нақыл сөздерінің ағартушылық сипаты
Қаралымдар: 317 / PDF жүктеулері: 396
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-94-102Кілт сөздер:
нақыл сөздер, ағартушылық, реформатор, ояну дәуірі, рухани кемелденуАңдатпа
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының
тағылымды ғұмырын, әдеби мұрасы мен сан қатпарлы іргелі ғылыми еңбектерін зерделеу
өзекті сипат алуда. Ұлттық жаңару мен жаңғырудағы Алаш кезеңі қазіргі тәуелсіздікке
қол жеткізудегі белесті кезең болса, осынау тарихи үрдісте реформатор тұлға Ахмет
Байтұрсынұлының шығармашылығы ерекше маңызға ие. Сондықтан да ұлт ұстазының
сан салалы мұрасын әр қырынан қарастыру үрдісі толастамақ емес. Мақалада Алаш
ардақтысының нақыл сөздері сараланып, ағартушылық кезеңнің рухын айқындаудағы
өзектілігі байыпталды. Нақыл сөздері – ояну дәуіріндегі рухани және саяси күрестегі
елшілдік рух, ұлтшылдық сезім, мемлекетшілдік сана көрінісінің қайнары болғаны
айқындалды. Сол арқылы санаткердің сан қатпарлы шығармашылық тұлғасы, қоғамдықсаяси және мемлекеттік қызметін танудағы нақыл сөздерінің алар орны екшелді.
Қазақтың саяси теңдігіне, рухани кемелдігіне ғұмырын арнаған ағартушының оқу-ағарту,
өнер-білім, ғылым хақындағы нақылдарымен қатар халқын жаһитшылдыққа, кәсіби
біліктілікке баулыған толғамдарының маңызы бағамдалды. Қазақ тіл білімі және
әдебиеттануының негізін қалаған тұлғаның ана тілі, тіл лұғаты, сөз өнері хақындағы
нақыл сөздерінің құндылығына екпін жасалды. Ұлттық жазу реформаторының тіл
оқытудың әдістемелік мәселелері, әліпби тұғырнамасы туралы нақыл сөздерінің қазіргі
отандық білім беру қағидаттарын ұштаудағы өміршеңдігі бағаланды. Қазақ кәсіби
публицистикасын, журналистикасын қалыптастыруға тарихи еңбек еткен қалам
қайраткерінің газет, көсемсөз табиғатын байыптаған нақылдарының тереңдігі талданды.
А.Байтұрсынұлының қазақ тілімен қатар орыс тіліндегі мақала, баяндамаларындағы
нақыл сөздері ой-өріс кеңдігі, дүниетаным тереңдігімен ерекшеленетіні дәйектелді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




