Армян-қыпшақ жазба мұраларының тақырыптық-жанрлық сипатта зерттелуі
Қаралымдар: 281 / PDF жүктеулері: 258
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-136-3-39-49Кілт сөздер:
Дешті Қыпшақ, армян-қыпшақ, мәдениет, тіл, жазба ескерткіштер, жанр, мәдени мұраАңдатпа
Орта ғасырда Еуразия кеңістігінде Дешті Қыпшақ мемлекетін құрып, әлемдік
өркениет пен мәдениетке өз үлесін қосқан қыпшақтардың артында қалған мол мұра әр
кезеңде түрлі әліпбилермен жазылғаны мәлім. Армян графикасымен қыпшақ тілінде
жазылған мұралар дін, әдебиет, тарих, құқық, философия, жаратылыстану ғылымдарына
негізделіп, өмірдің саяси-экономикалық, тарихи-мәдени салаларын қамтыды. XX ғасырдан
ғалымдардың тыңғылықты зерттеу нысанына айналған армян-қыпшақ мұралары
шетелдік басылымдарда жарияланып, транскрипцияланып, сөздіктермен, аудармалармен
толықтырылып, сыры күн санап ашыла түсті. Ғалымдар тарапынан сан түрлі ғылыми
пайымдаулар мен көзқарастар толастамай, «армян-қыпшақ» термині ғылымға енгізіліп,
орта ғасырдағы қыпшақтар мен армяндардың өмірі мен тіршілігі, мәдени байланыстары
соны зерттеулерге арқау болды. Бүгінде осынау ауқымды жанрлық сипатта жазылған
армян-қыпшақ мұраларының тарихи, мәдени, тілдік ерекшеліктерін тереңірек зерттеу
қажеттілігі сезіледі. Мақалада армян-қыпшақ жазба ескерткіштерінің тақырыптықжанрлық сипатта зерттелуі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізінде
зерделенеді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




