У.Шекспирдің 104-сонетінің қазақ тіліндегі аудармасына салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 294 / PDF жүктеулері: 827
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-153-164Кілт сөздер:
Хамит Ерғалиев, Самуил Маршак, Эмма Болдуин, көркемдеу тәсілдері, сөз айшықтары, поэтикалық рух.Аңдатпа
Сонетті бір тілден екінші тілге аудару – аударманың ең қиын түрлерінің бірі болып
келеді. Сонеттің мән-мағынасын, сөз айшықтарын, ырғағы мен рифмасын ғана емес, сонымен
қатар, автордың ақындық рухын жеткізу үшін де аудармашы бар шеберлігін жұмсауы керек.
Сонеттерді басқа тілдерге аударудағы қиыншылықтар ағылшын тілінің өзіндік ерекшеліктерінде
жатыр. Ал, Уильям Шекспирдің сонеттерін тәржімалау барлық жағынан да қиын болып келеді.
Ағылшынның ұлы ақыны тілдің барлық стилистикалық қабаттарын қамтып, француз және неміс
тілдерінің сөздерін қолдана отырып, неологизмдерді белсенді түрде жасады. Ұсынылған мақалада
Хамит Ерғалиевтің қазақ тіліндегі және Самуил Маршактың орыс тіліндегі 104-сонетінің нұсқалары
зерделеніп қарастырылған. Зерттеуде 104-сонеттің үш нұсқасын да егжей-тегжейлі талдау үшін
салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша үш нұсқаны салыстыру
кезінде олардың арасындағы ұқсастықтар көрсетілді және айырмашылықтар анықталды. Атап
айтқанда, теңеу, кейіптеу, метафора, әсірелеу және рифманың үш тілде қолданылуы мен қазақ
және орыс тілдеріне тәржімалануы жан-жақты зерттеліп, мақалада көрсетілді. Хамит Ерғалиевтің
Уильям Шекспирдің 104-сонетінің негізгі мәнін, поэтикалық рухын мүлде басқа тілде – түркі
тілінде, яғни қазақ тілінде шебер жеткізгені берілген мақалада кеңінен сипатталған. Мақаланың
нәтижелерін жоғары оқу орындарында филология және әдебиеттану білім беру бағдарламалары
бойынша оқитын студенттерге арналған дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда көмекші ақпарат көзі
ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, ұсынылған деректер студенттердің, магистранттар
мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалы болуы мүмкін.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




