Балалар фольклоры – халық дәстүрлерін сақтаудың бастауы
Қаралымдар: 328 / PDF жүктеулері: 551
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-115-121Кілт сөздер:
фольклор, фольклортану, балалар фольклоры, көркем жинақтау, ұлттық дүниетаным, ұлттық тәрбие, фольклор үлгілері, фольклор жанрларыАңдатпа
. Бұл мақалада балалар фольклорының халық дәстүрлерін сақтаудағы маңыздылығы
қарастырылады. Фольклор туындылары болашақ ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде маңызды
орын алады. Балаларды фольклор жанрларымен таныстыру, тыңдағанын қайта әңгімелеп беруге,
мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды мәнерлеп айтуға үйрету эстетикалық тәрбие
мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі. Демек, қазақ балалар фольклоры – ұлттық мәдениеттің
дамуы мен жаңаруының негізі. Ол – өмір сүрудің мәні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи
тағдырын, болмысын, дүниетанымын айқындайтын өшпес мұра. Егемендік алғаннан кейінгі
жылдарда баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дәстүрін
құрметтеу, елін, жерін сүю, адамгершілік және эстетикалық сезім әрекеттерін бекіту мақсатында
жасалған тұжырымдамалар ауыз әдебиетінің халық санасындағы отаншылдық, адамгершілік,
гуманизм, эстетикалық мәдениет пен рухани байлықты сақтаудағы рөлін, сол халықтың өткендегі
өмірін, аңсау-арманын, әдет-ғұрпын, халық тәрбиесіндегі фольклор туындыларының жемісін
көрсетеді. Балаларға арналған фольклорлық шығармалар мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың өзіндік қиял-армандарын, талаптарын, ой-пікірлерін, айналадағы
құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыруға негізделген,
халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы болып табылады. Балаларға арналған фольклор
туындылары балалардың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын,
логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




