Қазіргі тарихи фильмдердің тілдік интерпретациясы («Kейкі батыр» киносы негізінде)
Қаралымдар: 276 / PDF жүктеулері: 246
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-69-78Кілт сөздер:
кино тілі, көрермен қабылдауы, интерпретация, коммуникация, семиотика, посттеория, «Кейкі батыр»Аңдатпа
Фильмге қатысты көрермендердің белгілі бір көзқарастарын қалыптастыруға
ықпал ететін, арнайы кинематографиялық тәсілдерді білдіруге қатысты кең тараған «кино тілі»
ұғымының қисындылығы туралы мәселе көтеріледі. «Кино тілі» тіркесінің үш негізгі мағынасын
анықтап, олардың классикалық және қазіргі кино теориясының материалындарында қалыптасуын
қадағалау ұсынылады. Кино мен тіл арасындағы үйлесімді (лингвистикалық, семиотикалық) іздеуге
бағытталған негізгі кинотеориялық тәсілдер баяндалады, «Кейкі батыр» киносынан қазіргі қазақ
кино философиясының негізгі қағидаларынан мысал келтіріліп, оның теориялық негізділігі туралы
қорытынды жасалады.
Тілдік ұқсастықтардың арғы жағындағы кинотеориялық белгілердің мүмкін бағыттары
көрсетіледі. Киноның түбегейлі таңбалану функциясы жоқ техникалық тәсілдеріне назар
аудару ұсынылады; киноның аудиовизуалды өрісіне қатысты минималды кинематографиялық
элементтердің мысалы келтіріледі; әрі қарай талқылау үшін кино көру кезіндегі көрермендердің
көзқарасын интерпретациялық «түсінуден» сезімдік «соқтығысуға» өзгерту туралы тезис беріледі.
Теориялық жұмысты жалғастыру қажеттілігі баса айтылады, ол үшін тілдік ұқсастықтардан
және теорияшылар мен көрерменнің интерпретациялық позициясынан бас тарту киноның дербес
жағдайда өмір сүруі бағытында әңгіме қозғауға мүмкіндік беретіні айрықша көрсетіледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




