Заң құжаттарының стилистика саласында зерттелуі
Қаралымдар: 297 / PDF жүктеулері: 683
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-39-52Кілт сөздер:
құқық, лексика, стиль, термин, терминология, заңнама, сөздік, нұсқа, аудармаАңдатпа
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына
қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып,
қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының
тілін зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де
маңызы өте зор. Заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының тілдік
құрылымын сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын қатаң қадағалау
басты назарда болу тиіс.
Мақаланың мақсаты мен міндеті – заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан
зерттелуін қарастыру, заң мәтіндерінің жалпы құрылымының теориялық және
әдістемелік негіздерін анықтау, аудармадағы баламалық мәселелерді талқылау болып
табылады. Мақала жазу барысында ресми іс-қағаздар стилінің барлық талаптары заң
мәтінінен толықтай табылып, заң құрылымындағы ақпараттық, прагматикалық,
танымдық қызмет талданып көрсетілді. Бұл мақаланың негізгі ғылыми жаңалығы.
Бұл мақаланың теориялық және практикалық маңызы бар, себебі ұсынылған
тұжырымдама заң бағытында оқитын білім алушылар үшін құнды ақпарат.
Мамандықты толық меңгеру үшін арнайы ұғымдар, яғни терминдер деп аталатын
лексикалық бірліктерді білу және дұрыс қолдану қажет екенін тағы бір рет атап өту
қажет.
Құқық терминологиясы мысалында қарастырылған салалық терминологияны
зерттеудің жүйелі тәсілі оқыту процесін оңтайландыруға алып келеді. Терминдердің
лексикалық және ұғымдық сәйкестігі, олардың өзара байланысуы мен бір-біріне
тәуелділігі терминологияны арнайы ұғымдар жүйесінің өзіндік тілдік негізі ретінде
қызмет ететін тұтас терминологиялық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің жүйелілігін көрсетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




