Көптілділікті кәсіби контексте зерттеу: ғылыми-метриялық талдау


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 181

Авторлар

  • Ә.А. Аймолдина М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы
  • Ш.К. Жаркынбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-8-18

Кілт сөздер:

көптілділік, ғылыми-метриялық талдау, кәсіби көптілділік, іскерлік коммуникация, кәсіби контекст, корпоративтік тіл саясаты, библиометриялық талдау

Аңдатпа

Кәсіби көптілділік әлеуметтік лингвистика мен іскерлік коммуникацияны қоса алғанда,
көптеген пәнаралық зерттеулердің, сондай-ақ көптілді мидың нейропсихологиялық аспектілері
мен жұмыс орнындағы көптілді адамдардың тілдік тәжірибесін зерттеудің пәні болып табылады.
Соңғы жылдары кәсіби көптілділікке ғылыми қызығушылықтар мен үлестердің айтарлықтай артуы
байқалады. Бұл зерттеуде кәсіби көптілділік ұғымын зерттеу үшін талдаудың библиометриялық
әдісі қолданылады. Бұл зерттеудің мақсаты кәсіби көптілділік бойынша жарияланымдарға қатысты
халықаралық Scopus және Web of Science (WoS) дерекқорларындағы соңғы тенденцияларды
анықтау үшін библиографиялық деректерді талдау болып табылады. 2022 жылдың қазан айында
жүргізілген ғылыми-метрикалық әдістеме негізінде авторлар «Кәсіби көптілділік» немесе
«Жұмыстағы көптілділік» немесе «Іскерлік коммуникация» және т.б. негізгі терминдерді пайдалана
отырып жарияланымдарды шығарды, бұл барлығы 3 875 ғылыми материалды шығаруға мүмкіндік
берді. Осылайша, бұл зерттеуде қарастырылған уақыт шеңбері 1970 және 2022 жылдар аралығын
құрайды. Зерттеуде автордың өнімділігінің өсуі, жарияланым үлгілері, тақырып санаттарының
таралуы, авторлық кілт сөздердің таралуы, жарияланған елі, сондай-ақ кәсіби көптілділік туралы
жарияланымдарға қатысты жиі сілтеме жасалған мақалалар және басқа аспектілер талданады.
Сонымен қатар, нәтижесінде кәсіби көптілділікке қатысты маңызды салалар анықталды:
корпоративтік тіл, көптілділік, тіл саясаты, тілді басқару, мәдениетаралық коммуникация. Болашақ
зерттеулер жаһандық ауқымдағы жарияланым тенденцияларын зерттеу үшін кәсіби тілді оқытудың
басқа салаларындағы ұқсас зерттеулерді кеңейтуі мүмкін

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аймолдина, А., & Жаркынбекова S. (2023). Көптілділікті кәсіби контексте зерттеу: ғылыми-метриялық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 143(2), 8–18. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-143-2-8-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи