Прецедентті мәтіндердегі «зат-символ» мәселесі
Қаралымдар: 223 / PDF жүктеулері: 258
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2021-137-4-78-85Кілт сөздер:
прецедентті мәтін, символдық мән, заттар, эпос тілі, семиотикалық сипаттама, эпикалық жүйе, сакралдықАңдатпа
Адам баласы өміріне серік болып, бірге жасасып келе жатқан зат атаулыға
қандай деңгейде де тәуелді. Сондықтан заттардың мәні, қызметі мен мағынасы адамға
қаншалықты қатыстылығымен өлшенеді. Қатыстылықтың сипаты адам мәдениетімен шарттылықта және нақты тарихи, мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерімен
анықталады.
Мақалада прецедентті мәтіндердегі (эпос, жыраулар поэзиясы) заттық атаулардың
ұлт, халық танымындағы символдық мәні, зат арқылы берілетін дүниенің мифологиялық бейнесі талданады.
Жалпы мәдени мәтіндердің семиотикалық проблемасы туралы арнайы зерттеу еңбектердің пайда болуы барынша маңызды бола отырып, екі ғасырлық кезеңді құрайды. Бұл
– Р. Барт, А. Греймас, Л. Ельмслев, Э. Кассирер, Э. Лич, Ч. Моррис, Ч. Пирс, Р. Якобсон
тағы басқа шетелдік ғалымдардың еңбектері. Аталған мәселеге қатысты орыс ғалымдарынан М.М. Бахтиннің, А.К. Байбуриннің, Н.М. Калашникованың, Ю.М. Лотманның,
А.Ф. Лосевтің, С.Т. Махлиннің, Ю.С. Степановтің, В.Н. Топоровтың, Б.А. Успенскийдің еңбектерін атауға болады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеулерінде семиотиканың – «мәдениет тілі»,
«вербальды және бейвербальды коммуникация», «таңба», «символ», «белгі», «индекс»,
«бейне» тәрізді басты концептілері мен категориялары жүйеленген.
Зерттеу нәтижесінде, лингвомәдениеттанымдық, лингвофилософиялық пайымдауларға
сүйене отырып, зат – әрі таңба, әрі символ. Сондықтан зат туралы ілім семиотиканың
да, семантиканың да зерттеу нысанына кіреді деген қорытынды жасадық.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




