Ресей медиадискурсындағы Қазақстан бейнесінің метафоралық репрезентациясы (2010 жылдан 2021 жылға дейінгі кезең ішінде)
Қаралымдар: 229 / PDF жүктеулері: 263
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-96-111Кілт сөздер:
БАҚ, метафоралық үлгі, Қазақстан бейнесі, дискурс-талдау, медиадискурсАңдатпа
Мақала бүгінгі таңда ғылыми әлемдегі белсенді талқыланатын
мәселелердің бірі ретінде қарастырылатын көп өлшемді «ел бейнесі» феноменіне арналған.
Академиялық әлемдік қоғамдастықта осы тақырыпқа деген ғылыми қызығушылық қазіргі
ақпараттық кеңістікте ұсынылатын ел бейнесі әлеуметтік және саяси оқиғаларға байланысты
өзгеруі мүмкін екендігімен байланысты және бұл өзгерістерді қабылдап, оларды ескере
отырып, бұқаралық санаға әсер ететін, сонымен қатар басқа мемлекеттің белгілі бір
көзқарасын қалыптастыра отырып, құндылық бағдарлары мен бағалау пікірлерін
анықтатын бірден-бір мүмкіндік медиа-дискурс болып табылады.
Мұндай өзгерістер, сөзсіз, тілде көрініс табады және бұл өз кезегінде өз алдына жаңа
зерттеу міндеттерін қояды. Бұл ел бейнесін вербализациялау динамикасы арнайы зерттеуді
қажет етеді дегенді білдіреді. Осы зерттеудің мақсаты ресейлік БАҚ мәтіндерінде Қазақстан
бейнесін бейнелейтін метафоралық үлгілерді анықтау және талдау болып табылады.
Ресейдің медиадискурсындағы Қазақстанға деген қызығушылық, ең алдымен, Ресей мен
Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы тығыз
ынтымақтастықпен тарихи және геграфиялық тұрғыдан анықталады.
Зерттеу материалы «Коммерсантъ», «Комсомольская правда», «Аргументы и
факты», «Известия», «Московский комсомолец», «Независимая газета» сынды ресейлік
баспа басылымдарының 320 мәтінінен тұрады. Сонымен қатар, мәтін үзінділері орыс тілінің
ұлттық корпусын қолдана отырып жиналды (http://www.ruscorpora.ru/), онда негізгі іздеу
сөзі «Қазақстан» сөзі болды. Эмпирикалық корпустың жиналу және талдану барысы 2010
жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңмен шектелген.
Мақала үш доминантты метафоралық үлгі талдау жасалған, оның аясында
көпшілік оқырман санасында Қазақстан бейнесін қабылдау және ұғыну процесі жүреді:
антропоморфты («Қазақстан – бастамашыл агенс»), табиғиморфты («Қазақстан – Ұлы дала»),
этномәдени («Қазақстан – мәдени-құндылық естелігі»).
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




