Қазақ және көне түркі топонимдік жүйесінің ортақ белгілері
Қаралымдар: 222 / PDF жүктеулері: 352
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-138-1-87-95Кілт сөздер:
топоним, жер аты, тарих, түркі тілдері, бірегейлікАңдатпа
Бүгінде топонимдер еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті бағыт-бағдар
беретін таңбалық қызметінен басқа үлкен қоғамдық-саяси маңызға ие болып, ұлттық,
танымдық сипаттарымен алдыңғы орынға шықты. Өйткені жер-су аттары адамзат
қоғамында ғана пайда болып, өмір сүріп, қызмет ететіндіктен, сол қоғамда болып
жататын өзгерістерден тыс қала алмайды. Уақыт өте бұл өзгерістер тарихқа
айналады. Кешегі оқиғалар – бүгінгі күннің тарихы болып табылады. Қазақ халқының да
жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді, еліміздің тарихын
өте ерте кезеңдерге дейін жетелейді. Осы себепті еліміздің басынан өткен «сан қилы»
заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты
жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Топонимдер халықтың тарихи ескерткіштерінің көзі болғандықтан, көне түркіден
бүгінгі күнге дейінгі топонимикалық жүйенің ерекшеліктерін зерттеу, тарихиэтимологиялық талдау жасау – кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ
топоникасын түркілік бірегейлік контекстінде зерттеу көшпенділер өркениетінің
қайталанбас тарихи моделін жаңғыртуға, сондай-ақ, ортақ түркілік интеграцияны
нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі жалпы топонимдерге
зер салғанда, атаулар құрамындағы географиялық терминдер мен жұрнақтарды
қолданудағы ұқсастықтар біздің назарымызды аударды. Көне түркі тілінен бүгінге
дейінгі топонимдерде сақталған жалпы тарихи ерекшеліктер осы зерттеуге алып келді.
Мақалада ортақ түркілік географиялық терминдердің көне және қазіргі түркі
тілдеріндегі қолданысы зерделеніп, ортақ белгілері түсіндіріледі. Мақаланың мақсаты –
қазақ және көне түркі тіліндегі топонимдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін
анықтау, сондай-ақ түркі диалектілеріндегі топонимдердің жалпы аспектілерін
анықтау. Осы себепті географиялық атаулар салыстырылып, зерттелді
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




