Ағылшын тілі сабақтарындағы мәтіндердің мультимодальдылығының критерийлері
Қаралымдар: 681 / PDF жүктеулері: 393
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-141-4-119-128Кілт сөздер:
көрнекі, мультимодальды мәтіндер, мультимодалдылық, мультимодальды сауаттылықАңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты-мультимодальды мәтіндерді зерттеу және мультимодальды мәтіндерді ағылшын тілі сабақтарының оқу бағдарламасында қолдану. ХХ ғасырдың аяғынан бастап технологияның қарқынды дамуы мен жаһандануына байланысты білім беруде коммуникацияның өсіп келе
жатқан мультимодальділігі айқын. Мультимодальды мәтіндер кез-келген жазбаша мәтін бола алады.
Сонымен қатар көптеген аудио, визуалды және басқа да символдық көріністер болуы мүмкін немесе
осы мәтіннен алынған кейбір ақпарат суреттер мен дыбыстармен бірге жүреді. Демек, мультимодальды
мәтіндерге суретті кітаптар, оқулықтар, графикалық шығармалар, комикстер мен плакаттар кіреді, олар
оқырманға визуалды жазбаша тіл мен кеңістіктік тәсілдердің тіркесімі арқылы мағына береді. Мақала сапалы парадигманы ұстанады. Бағалау критерийлері де осы мақалада берілген тапсырмалар үшін
әзірленді. Бұл зерттеу оқытушылар мен студенттерге осы мақалада берілген тапсырмаларға негізделген
мультимодальды мәтіндерді енгізу бойынша практикалық нұсқаулық ретінде пайдалы.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




