Қазақ тіліндегі пандемия лексикасы
Қаралымдар: 302 / PDF жүктеулері: 415
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-142-1-25-41Кілт сөздер:
Covid-19, пандемия, коронавирус, қазақ тілі, корпус, корпусқа негізделген талдауАңдатпа
Мақала қазақ тіліндегі Covid-19 лексикасы туралы зерттеудің нәтижелерімен бөліседі. Бұл зерттеудің мақсаты пандемияның тілге әсерін және пандемия лексикасының қазақ тіліндегі көрінісін анықтау болып табылады.
Зерттеуде пандемия лексикасына лингвистикалық тұрғыдан сипттама берілді және коронавирустың Covid-19 түріне арналған арнайы лингвистикалық корпустарға шолу жасалды. Қазақ тілді деректер негізінде пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдері айқындалды және олардың қолданылу жиіліктері анықталды. Пандемия лексикасынан 2020 жылдың алғашқы төрт айында жұмсалған қолданылу жиілігі жоғары сөздер белгіленіп, әрқайсысына лингвистикалық сипаттама беріледі.
Зерттеу корпусқа негізделген талдау әдісімен жүргізілді. Зерттеудің деректері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен жиналды. Covid-19 пандемиясына қатысты деректерді талдау үшін NVivo бағдарламалық жасақтамасы қолданылып, соның көмегімен қазақ тіліндегі пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдерінің қолданылу жиіліктері есептелді.
Бұл зерттеудің нәтижелері пандемия лексикасындағы терминдердің басым көпшілігі тілде бұрыннан бар сөздер екенін, дегенмен олардың пандемия кезінде жаңаша мәнге ие болғанын және қолданылу жиілігі артқанын көрсетті. Пандемия лексикасындағы бірқатар сөздер бұрын кең мағынасында жалпы қолданылып келсе, ауру жайлаған кезде нақты пандемияға қатысты жұмсалысы артқан. Сондай-ақ бірқатар терминдер ғылымның белгілі бір саласында ғана қолданылып келсе, 2020 жылдан олардың қолданысы жалпыхалықтық сипат алды. Пандемия лексикасына талдаудың нәтижелері 2020 жылдың алғашқы төрт айында қолданылу жиілігі жоғары сөздер короновирус, індет, карантин, вирус, пандемия және Covid-19 болғанын көрсетті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




