Қазақ онимдерінің ағылшын тіліне аударылуы: вариативтілік және автоматтандырылған аударма құралдарын стандартқа сай емес қолдану тәуекелдері
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 68
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-299-310Кілт сөздер:
ономастика, жалқы есімдер, аударма, автоматтандырылған аударма, машиналық аудармаАңдатпа
Зерттеу қазақ жалқы есімдерінің вариативтілігін зерттеуге, сондай-ақ автоматтандырылған аударма құралдарын қолдану барысында жалқы есімдерді аудару кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талдауға арналған. Зерттеу авторлары лингвистика және аударма саласымен кәсіби тұрғыда айналысатын респонденттер арасында екі кезеңнен тұратын сауалнама негізінде аударма экспериментін әзірлеп, жүзеге асырды. Сауалнама мазмұны ономастиканың әртүрлі салалары мен аудармадағы компьютерлік технологияларға қатысты теориялық дереккөздерді жан-жақты талдау негізінде құрастырылды. Зерттеу барысында сондай-ақ экстралингвистикалық сипаттағы факторлар, атап айтқанда, цифрландыру үдерісі және Қазақстан Республикасында қазақ тілінің латын графикасына көшу үрдісі ескерілді. Зерттеудің әдіснамасы қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тілінде жазылуындағы вариативтіліктің жоғары деңгейде пайда болуы автоматтандырылған аударма бағдарламалары мен нейрондық желілерді стандартталмаған қолданумен өзара байланысты деген гипотезаға негізделеді. Зерттеу нәтижесінде авторлар аударма теориясы мен практикасы аясында ономастиканың өзекті мәселелерін шешу үшін пәнаралық тәсілді қолдану қажеттігі туралы қорытындыға келді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




