Мағжан Жұмабайұлы поэмаларындағы киелілік мотиві
Қаралымдар: 424 / PDF жүктеулері: 198
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-145-155Кілт сөздер:
кие, дүниетаным, тылсым, Алтай, Пір-бабаАңдатпа
Мақалада көне танымнан бастау алып, адамзат санасында тұрақтаған кие, тылсым, сакралдылық ұғымдарының көркем туындылардағы көрінісі Мағжан Жұмабайұлы поэмаларының мысалында қарастырылады. Әуелі киелілік ұғымына берілген анықтамалар мен тұжырымдарға шолу жасалып, «кие» ұғымының танымдық негіздері мен көркемдік мәні түсіндіріледі. Сонан соң киелілік мотивінің көркем кеңістіктегі рөлі талданады.
Ұлттық танымда «кие» ұғымы тау, жер, су, үңгір сияқты тұрақты атрибуттары бар мекендер мен табиғат құбылыстарына, жануарлар мен құстарға ғана емес, жекелеген адамдарға да тән тылсым сипат. Мифтік баяндар арқылы фольклор жанрларына, одан көркем жазба әдебиетке ауысқан киелілік мотиві түрлі мақсаттағы эстетикалық-танымдық қызметімен ерекшеленетіні Мағжан Жұмабайұлының «Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмалары арқылы дәйектеледі. Бұл аталған поэмаларда сакралды мән белгілі бір тарихи мекендер және аңыздық, тарихи тұлғалар арқылы танытылады. Халық арасында Абылай ханның тылсым қасиеті, аруағы болғанын баяндайтын аңыздар бар. Ханның бетіне келген адамды киесі ұрады деген түсінік те болған. «Батыр Баян» дастанындағы киелілік мотиві «өткен күнге» қарата айтылып, Алаш ордасын тігіп, шаңырағын тіктеген Абылай хан, оған тұрақ болған Бурабай арқылы айқындалады. «Қорқыт» поэмасында Алтай тауы мен Қорқыт ата, «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында тылсым күшке ие бақсы Қойлыбай, «Оқжетпестің қиясында» поэмасында Пір-баба арқылы киелілік ұғымы авторлық позицияға сай поэтикалық пішінімен көрінеді. Мақалада киелілік мотивті жоғарыда аталған мысалдар негізінде талданып, тиісті қорытындылар жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




