Қазақ және ағылшын паромеологиясындағы «Мемлекет» концептісінің ерекшеліктері
Қаралымдар: 290 / PDF жүктеулері: 135
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-41-52Кілт сөздер:
концепт, ұғым, мақал-мәтелдер, лингвомәдениет,, лингвокогнитивтік тәсіл.Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ паремиологиясындағы «мемлекет» концептісінің мазмұны, ерекшеліктері мен танымдық қырлары жан-жақты қарастырылады. Қазақтың мақал-мәтелдері тек қана көркем сөз үлгісі емес, сонымен бірге халықтың тарихи жады мен мәдени кодын сақтап жеткізуші, ұрпақаралық байланысты нығайтушы құрал болып табылады. Авторлар «мемлекет» ұғымының семантикалық өрісін талдап, оның орталық және перифериялық компоненттерін анықтады. Негізгі өзекке халық пен жер, тәуелсіздік пен егемендік, әділет пен заң, билік пен басқару, әскер мен қорғаныс сияқты элементтер енеді. Паремияларда мемлекет бейнесі елдің тұтастығын, қоғамдық тәртіпті, әділ басқаруды қамтамасыз ететін институт ретінде көрініс табады. Зерттеу барысында лингвомәдени және лингвокогнитивтік әдістер қолданылып, мемлекет туралы түсініктердің мәдени-рухани негіздері айқындалды. Мақал-мәтелдер мемлекеттің мәнін тәрбие құралы ретінде де ашады: халықты бірлікке, әділдікке, ел мен жерді қорғауға үндейді. Бұл зерттеудің ғылыми жаңалығы – мемлекет концептісінің ұлттық дүниетанымдағы орны мен мәнін когнитивтік деңгейде көрсетуінде. Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді тілтану, мәдениеттану, этнолингвистика пәндерінде, сондай-ақ ұлттық тәрбие беруде қолдануға болады. Мақала қазақ қоғамының тарихи тәжірибесін айқындай отырып, дәстүрлі паремиялардың бүгінгі күнгі танымдық құндылығын дәлелдейді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




