Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Жүніс Емре шығармаларындағы рухани үндестік
Қаралымдар: 332 / PDF жүктеулері: 156
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-220-233Кілт сөздер:
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы, Жүніс Емре поэзиясы, қазақ әдебиеті, түрік әдебиеті, әдебиеттегі адамгершілік тақырыбы, әдебиеттер үндестігі, рухани сабақтастықАңдатпа
Түркі халықтары ішінде адамзаттың ғылым мен білімі, мәдениеті мен әлемдік әдебиеттің дамуына өзіндік үлес қосқан тұлғаларға бай. Олардың шығармаларының арасында өзара ұқсас пікірлер мен ойлар, тұжырымдар кездесіп отырады. Ғылыми мақалада қазақ ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы мен түрік шайыры Жүніс Емренің шығармашылығы өзара салыстырылады. Екі ақынның туындыларында қозғалған тақырыптардың ұқсастығына дәлелдер келтіріледі. Ақындардың өмірбаяндарына қысқаша шолу жасалып, таныстырылады. Соның нәтижесінде, қазақ және түркі әдебиетінің ортақтығы, екі ел әдебиетіндегі сабақтастық мәселесі ашылады. Қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы мен XIII ғасырда Анадолы өлкесінде өмір сүрген Жүніс Емренің түрік әдебиетінің дамуына қосқан үлесі қарастырылып, дәстүр жалғастығы анықталады. Мақала Шәкәрім Құдайбердіұлы және Жүніс Емре шығармаларын салыстыра қарастыру арқылы әдебиеттегі рухани үндестік мәселесіне талдау жасауға бағытталады. Ғылыми зерттеудің мақсаты – екі ақынның шығармашылығын саралау арқылы қазақ, түрік әдебиетіне тән ұқсастықты көрсету, әдебиеттер үндестігін зерделеу. Жинақталып зерттелген материал қазақ және түрік ақынының туындыларына арналған ғылыми зерттеулер, түркі тілдес халықтардың әдебиеті арасындағы рухани сабақтастық мәселелері тақырыбындағы зерттеулерге қосымша материал бола алады, оны қазақ және түркі әдебиетінің тарихы жайындағы, Шәкәрімтану жөніндегі еңбектерде, филология факультетінің студенттеріне сабақ беру кезінде, Ш.Құдайбердіұлы және Ж.Емре жайлы семинарларда қолдануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




