Абайдың «толық адам» ілімі жарақат зерттеулері негізінде
Қаралымдар: 318 / PDF жүктеулері: 166
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-152-3-167-180Кілт сөздер:
толық адам, жарақат теориясы, ұжымдық бейсаналық, ұлттық код, постотаршылдық, тарихи жарақатАңдатпа
Мақалада қазақ халқының тарихи-әлеуметтік жады мен ұжымдық бейсанасындағы жарақат салдарын Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы «толық адам» ілімі аясында саралау көзделді. Авторлар Абай шығармаларындағы отаршылдық езгі салдарынан қалыптасқан рухани күйзеліс, моральдық құлдырау, ұлттық кодтың бұзылуы мен оның қазіргі қоғамдағы көріністерін жарақат теориясы негізінде талдау жүргізген. Мақалада З. Фрейд, Дж. Александер, Р. Айерман, К. Карут сынды ғалымдардың теориялық тұжырымдары бойынша тарихи және ұжымдық жарақаттың әдеби-көркем мәтіндегі көріністері мен қазақ ұлтының рухани жаңғыру жолындағы ізденістері кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі қазақ қоғамының рухани сауығуы мен бірегейлігін сақтаудағы маңызды механизм ретінде ұсынылады. Абай дәуіріндегі қазақ қоғамының рухани және моральдық ахуалы мен қазіргі кезеңдегі ұлттық сана трансформациясы салыстырыла қарастырылды. Сол арқылы ұжымдық жарақаттың ұзақмерзімді салдары мен қайталану сипаты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастығы талданды. Зерттеу барысында бірнеше зерттеу әдістерінің синтезі Абай шығармаларын жаңа ғылыми парадигмада саралауға, ұлтымыздың тарихи жарақатына қатысты заманауи теориялар негізінде тұжырымдар жасауға мүмкіндік беріп, Абай мұрасын ұлттың ұжымдық бейсанасын емдейтін рухани ресурс ретінде бағалауға септігін тигізеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




