Хамза Абдуллиннің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармашылығы


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • А.Б. Шалғынбекова Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9907-3327
  • С.Б. Жұмағұл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9891-0237
  • А.Д. Амренов Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8705-599X

Кілт сөздер:

ақын, Хамза Абдуллин, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыс тұтқыны, кеңес лагері, поэзия, лирика

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің айтулы өкілі ақын, аудармашы Хамза Абдуллиннің шығармашылық тұлғасы қарастырылады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқынға түскен ақынның аса ауыр тағдыры, кеңес билігі тарапынан саяси сенімсіздікпен қуғын-сүргінге түскен шырғалаңы мол шығармашылығы талданады. Соғыс тұтқынында және кеңес лагерінің ауыр қыспағында жүріп жазылған саяси-әлеуметтік, көңіл-күй, табиғат лирикасының тақырыптық-идеялық арқауы айқындалады. «Достарым», «Тұтқын жыры», «Зарлы ана туралы жыр», «Бостандық», «Жалғыздық», «Мен жылаймын», «Алтай», «Есіл», «Мағжанның жиені Бибізайыпқа» тағы басқа өлеңдері, «Жауырын» балладасы талданады. Поэзиясының ұлт азаттығы мен тұлға еркіндігін, ұлттық құндылықтар мен адам теңдігін, жалпыадамзаттық гуманизмді аяусыз жаншып отырған сталиндік жүйе озбырлығын суреттеуден туындайтын реалистік сипаты, көркемдік қуаты сараланады. Өлеңдерінің тақырыптық-идеялық өзегі мен өзектілігі кеңес билігіне және адамзат баласына қайғы-қасірет әкелген фашизмге тән озбырлықты әшкерлеуі тұрғысынан зерделенеді. Ол соғыс тұтқынынан соң кеңес билігі тарапына қудаланып, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айрылуының ақын тағдырына қаншалықты ауыр соққы болғанын байыптауға мүмкіндік береді. Рухы биік ақынның барлық тоталитаризм қиянатына төтеп беріп, шығармашылық ізденістері, көркем аудармаларымен қазақ әдебиетіне зор үлес қоса білгені тұжырымдалады.

Жарияланды

2026-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шалғынбекова, А. ., Жұмағұл, С. ., & Амренов, А. . (2026). Хамза Абдуллиннің Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармашылығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 154(1). Retrieved from https://bulphil.enu.kz/index.php/main/article/view/1019