Көркем аудармада қазақша баламасыздықты еңсеру проблемасы: зерттеулер мен тәсілдерге шолу
Қаралымдар: 204 / PDF жүктеулері: 127
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-153-4-268-278Кілт сөздер:
баламасыз сөздер, реалия, аударма, қазақша баламасыздық, көркем аудармаАңдатпа
Бұл мақала қазақша баламасыздық проблемасы бойынша жергілікті зерттеушілердің зерттеулерін талдауға арналған. Мақалада қазақ авторлары шығармаларының орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем аудармаларында баламасыздықты еңсеру жолдары талданады. Соңғы бес жыл ішінде, 2020-2024 жылдар аралығында, халықаралық және отандық ғылыми журналдарда жарияланған негізгі жұмыстарға шолу жасалады. Зерттеудің өзектілігі түпнұсқа мәтінді басқа тілдік және мәдени ортадағы оқырманға бейімдеу кезінде оның мәдени-эстетикалық ерекшеліктерін сақтау қажеттілігі болып табылады. Мақалада көркем аударма процесінде баламасыз лексиканы жеткізу аса ұқыптылықты қажет ететіндігіне баса назар аударылады. Мәтіндерді талдау және нәтижелерді синтездеу негізінде қазақша баламасыз лексиканы орыс және ағылшын тілдеріне көркем аудармада транскрипция, транслитерация, калькалау, сипаттама аударма, сілтемеде түсіндірме беру, жуықтап аудару, алмастыру және түсіріп тастау сияқты әдістер қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Келешекте аударманы мақсатты аудитория қалай қабылдайтынына қатысты зерттеу жүргізуді ұсынамыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




