Очерктің прозалық жанр ретіндегі ерекшеліктері
Қаралымдар: 324 / PDF жүктеулері: 198
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-206-217Кілт сөздер:
очерк, көркем очерк, прозалық жанр, әдебиет, әдеби циклАңдатпа
Мақалада очерктің прозалық жанр ретіндегі ерекшеліктері қарастырылады. Очерк – өмір шындығын көркемдік және деректілік тұрғысынан бейнелейтін әдеби жанрлардың бірі ретінде проза саласына жатады. Құрылымы прозалық шығармаларға тән баяндау, сипаттау, диалог т.б. тұрады. Оның басты сипаты – өмір шындығын нақты деректерге сүйене отырып, көркем тілмен бейнелеу. Очеркте нақты адамдар мен оқиғалар негізге алына отырып, автордың көзқарасы, публицистикалық толғам, көркемдік жинақтау әдістері қолданылады. Бұл жанрда кейіпкердің бейнесі мен оның қоғамдық ортадағы іс-әрекеті маңызды орын алады. Очерк прозаның әңгіме, новелла, эссе сияқты басқа да жанрлық түрлерімен ұқсас, алайда ол деректілікке құрылғандығымен ерекшеленеді. Мақалада очерктің баяндау стилі, композициялық құрылымы мен тақырыбының кеңдігі жанр табиғаты аясында сараланады. Ал очерктегі публицистикалық стиль мен көркем стильдің тоғысуы нәтижесіндегі сипаттарды, ондағы тіл құралдары мен стилистикалық тәсілдер жүйесін тіл білімі тұрғысынан саралау алдағы зерттеулерде қамтылады. Бұл зерттеу нәтижесінде очерктің проза жанрындағы орны, өзіндік белгілері мен әдеби, көркемдік ерекшеліктері айқындалып, оның көркем әдебиеттегі рөлі мен маңызы ғылыми тұрғыда негізделеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




