Абай мұрасы: Оралхан Бөкей прозасындағы интертекстуалдылық
Қаралымдар: 249 / PDF жүктеулері: 184
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-151-2-167-178Кілт сөздер:
мәтін, интермәтін, интертекстуалды, интертекстуалдылық, прецеденттік құбылыстар, медиамәтінАңдатпа
Мақала Абай мұрасының қазақ әдебиетіндегі көрінісін зерделеуге арналған. Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы интертекстуалдылықтың көркемдік және танымдық ерекшеліктері талданады. Атап айтқанда, Оралхан Бөкей шығармаларындағы интертекстер мен олардың Абай мұрасымен байланысы зерттеледі. Абай мұрасы – халықтың рухани өмірінде тұғырлы темірқазық, халыққа айқын жол сілтейтін, ұлттық құндылықтарымыздың алтын қоры, ұрпаққа тағылым. Ақын туындыларының қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ прозасына ықпалын жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Сондай-ақ мақалада қазіргі кезеңдегі қазақ прозасында кездесетін интермәтіндер қарастырылады. Интермәтінділік құбылысы арқылы халық мақал-мәтелдері, Абайдың өлеңдері мен қарасөздері жазушы шығармаларында жаңа көркемдік мәнге ие болып, ұлттық мәдени кодтарды жаңғыртады. Әр мәтін интермәтіндік сипатқа ие болуы мүмкін. Мақалада қарастырылған прецеденттік атаулар қазақ мәдениеті мен әдебиеті, тарихындағы бірқатар маңызды мәселелерді құрайды. Олар тарихи тұлғалардың, мифтік бейнелердің, яғни антропонимдердің ұлттық санасы мен мәдениетін сақтауға мүмкіндік береді, яғни ұлттық мәдениет туралы білімнің қайнар көзі болып табылады. Мәтіндер арасындағы семантикалық және стилистикалық байланыстарды анықтау үшін интермәтінділік, салыстырмалы және антропологиялық әдістер қолданылған. Зерттеу барысында Бахтин, Кристева және басқа ғалымдардың интермәтінділік теорияларына сүйене отырып, көркем мәтіндегі прецеденттілік пен мәдени мәндер сараланған. Мақалада интермәтіндердің әдеби шығарманың идеялық мазмұнын тереңдетуге, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіруге ықпал ететіні көрсетіледі. Сонымен қатар, Оралхан Бөкей прозасындағы фольклорлық және классикалық үлгілердің үндестігі ұлттық әдебиеттің дамуындағы маңызды фактор ретінде тұңғыш рет қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




