Қаламгер К. Тоқаев шығармашылығы: соғыс сипаты мен шындық шырағы
Қаралымдар: 198 / PDF жүктеулері: 141
Кілт сөздер:
жазушы, жанр, көркемдік, мәтін, диалог, тақырып, тіл, стиль.Аңдатпа
Мақалада майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен оның басты туындыларының бірі ˗ «Солдат соғысқа кетті» романы хақында кең көлемде сөз етіледі. Романның бастапқы бөлігінде Әскери училище курсанттарының лейтенант атағын алу үшін емтихан тапсыруға дайындығы, тактикалық жаттығу сабақтары, күнделікті әдет-дағдылары, тіпті бейуақыттағы соғысқа қатысты қатаң бұйрық мәні де нанымды жеткізіледі. Бұдан басқа, романның алғашқы бөлімінен бастап соңғы бөліктерге дейін жүйелі орын алған – «Солдат күнделігінен» атты жазбалар жиынтығынан майдан даласының тынысы, соғыс шындығы, жауынгерлердің ерекше тапсырманы орындау сәттеріндегі көңіл-күйлері, өзара қарым-қатнастары, ел-жер, отан мен отбасы төңірегіндегі таным-түсініктері, сағыныш-сүйіспеншіліктері, сыйластық сырлары кең көлемде көрініс береді. Солдат өмірі, соғыс шындығы, бейбіт өмір мәні кең орын алады. Аталған романның ішкі бөліктерінен орын алған шағын жазбалар жиынтығынан – «Жауға атылған алғашқы оқ», «Ұзақ жолда», «Айқас алдында», «Олар жетеу еді», «Жау тылында», «Ерекше тапсырма», «Солдат өмірі осындай», «Ашылмай қалған сыр» атты тақырыптарға кезігіп, ондағы өмір өрімін, оқиға өрісін, соғыс шындығын, солдат сырын әр қырынан көріп-оқып, қанығуға әбден болады. Майдан өмірі, айқас мәні, солдат сыры да әр қырынан ашылып, кең түрде көрінеді. Негізінен, майдангер-қаламгер Кемел Тоқаев шығармашылығы мен «Солдат соғысқа кетті» романының табиғаты мен тағылымынан, құрылым жүйесі мен мәтін құбылыстарынан, соғыс шындығы мен солдат сырынан, диалог қызметі мен тіл мүмкіндіктерінен жазушы еңбегі мен қолтаңба мәнері, көзқарас жүйесі кеңінен көрініс береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




