Қазақ-ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикетінің этно-лингвомәдени ерекшеліктері


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 54

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-8-21

Кілт сөздер:

тіл мәдениеті, сөйлеу этикеті, қазақ тілі, ағылшын тілі, қарым-қатынас.

Аңдатпа

Мақала қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикетінің лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға арналған. Сөйлеу этикетін – сөйлеу актісінде, қажет болған жағдайда коммуникацияда қолданылатын стереотиптік тіл формулалары құрайды. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикеті формулаларының этно-лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикеттік бірліктер, яғни сәлемдесу, қоштасу, амандасу, көңіл айту, құттықтау мен тілек, өтініш білдіру үлгілері қолданылу сипатына, этно-лингвомәдениеттанымдық сипатына сай іріктеп алынып, салыстырмалы түрде талданды. Зерттеу барысында қолданылған ұтымды әдіс-тәсілдер негізінде қазақ тіліндегі сәлемдесу мен амандасу үлгілерінің этникалық таным-түсінікке негізделгені дәлелденді. Сондай-ақ қазақтың сәлемдесуінде бір ғана диалогтық репликаның бірнеше сөйлемдерден құралатыны айқындалды. Бұл ұлттық этноментальді ерекшелікті көрсетеді. Ағылшын этикетіндегі сәлемдесу үлгісі ұлттың этномәдени ерекшелігіне сәйкес қысқа, ықшамдалған, әрі сұраулы сөйлемдер жиі ұшырасады. Екі тілдің сөйлеу этикетінде қоштасу үлгілері жиі қолданылатыны және олардың орны тұрақты әрі түрлері көп екені анықталды. Ағылшын этикетіндегі қоштасу үлгілерінің тақырыптық тобы анықталып, жүйеленді. Құттықтау мен өтініш айту үлгілеріндегі ерекшеліктер талданып, ағылшын этикетіндегі сыпайылық деңгейінің түрлері нақты мысалдар негізінде талданды. Зерттеудің теориялық маңызы - зерттеу салыстырмалы лингвомәдениеттанудың, мәдениетаралық коммуникация теориясының және лингвопрагматиканың дамуына, «мінез-құлықтың этикеттік моделі» ұғымын нақтылау мен сипаттауға ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдыгалиева, Н. ., Смағұлова , Г. ., & Иргатоглу, А. . (2024). Қазақ-ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикетінің этно-лингвомәдени ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы, 149(4), 8–21. https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-8-21

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика