Қазақ-ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикетінің этно-лингвомәдени ерекшеліктері
Қаралымдар: 313 / PDF жүктеулері: 408
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-8-21Кілт сөздер:
тіл мәдениеті, сөйлеу этикеті, қазақ тілі, ағылшын тілі, қарым-қатынас.Аңдатпа
Мақала қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикетінің лингвомәдени ерекшеліктерін анықтауға арналған. Сөйлеу этикетін – сөйлеу актісінде, қажет болған жағдайда коммуникацияда қолданылатын стереотиптік тіл формулалары құрайды. Зерттеудің мақсаты – қазақ және ағылшын тілдеріндегі сөйлеу этикеті формулаларының этно-лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикеттік бірліктер, яғни сәлемдесу, қоштасу, амандасу, көңіл айту, құттықтау мен тілек, өтініш білдіру үлгілері қолданылу сипатына, этно-лингвомәдениеттанымдық сипатына сай іріктеп алынып, салыстырмалы түрде талданды. Зерттеу барысында қолданылған ұтымды әдіс-тәсілдер негізінде қазақ тіліндегі сәлемдесу мен амандасу үлгілерінің этникалық таным-түсінікке негізделгені дәлелденді. Сондай-ақ қазақтың сәлемдесуінде бір ғана диалогтық репликаның бірнеше сөйлемдерден құралатыны айқындалды. Бұл ұлттық этноментальді ерекшелікті көрсетеді. Ағылшын этикетіндегі сәлемдесу үлгісі ұлттың этномәдени ерекшелігіне сәйкес қысқа, ықшамдалған, әрі сұраулы сөйлемдер жиі ұшырасады. Екі тілдің сөйлеу этикетінде қоштасу үлгілері жиі қолданылатыны және олардың орны тұрақты әрі түрлері көп екені анықталды. Ағылшын этикетіндегі қоштасу үлгілерінің тақырыптық тобы анықталып, жүйеленді. Құттықтау мен өтініш айту үлгілеріндегі ерекшеліктер талданып, ағылшын этикетіндегі сыпайылық деңгейінің түрлері нақты мысалдар негізінде талданды. Зерттеудің теориялық маңызы - зерттеу салыстырмалы лингвомәдениеттанудың, мәдениетаралық коммуникация теориясының және лингвопрагматиканың дамуына, «мінез-құлықтың этикеттік моделі» ұғымын нақтылау мен сипаттауға ықпал етеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




