Детективтік проза мәтініндегі фразеологиялық қолданыстар
Қаралымдар: 440 / PDF жүктеулері: 194
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2025-150-1-71-82Кілт сөздер:
Ключевые слова: детективный жанр, фразеологизмы, устойчивые словосочетания, общенародные фразеологизмы, выразительная стилистика.Аңдатпа
Мақалада детектив жанрындағы көркем шығармалар тіліндегі фразеологиялық қолданыстар зерттеледі. Зерттеу нысанына қазақ әдебиетінде осы жанрда алғаш шығармалар жазған Кемел Тоқаевтың шығармашылығы, оның ішінде «Солдат соғысқа кетті», «Түнде атылған оқ», «Тасқын», «Қастандық» шығармалары алынады. Жазушының шытырман хикаялы проза жанрында жазылған шығармаларының қазақ әдебиетінен алатын орнын белгілеуге фразеологиялық қолданыстарды зерттеу де ықпал етеді. Мақала мақсаты – қазақ детектив жанрындағы фразеологизмдердің тілдік-стильдік ерекшеліктерін анықтау. Осыған орай тұрақты тіркестердің қолданысын, қызметін, стилистикасын талдау міндеттері қойылды. Зерттеу нысанына алынған шығармаларда фразеологизмдердің әлеуеті кеңінен пайдаланылатыны байқалды: жалпыхалықтық фразеологизмдер де, әдеби фразеологизмдер де, жазушының төл қолданыстары да еркін қолданылады. Бұл фразеологизмдер мәтіндердің көркемдік айшығын нақтылай түсуге қызмет етеді. Эмоционал-экспрессивті реңге ие синоним фразеологизмдердің қатар қолданылуын жазушы тілінің ерекшелігіне жатқызуға болады. Фразеологизмдердің мәтіндегі қолданыстары сипатталды, олардың көркемдік қызметі, жасалу тәсілдері айқындалды. Тілдік айғақтар контекст құрамында берілді, себебі олардың мәні, мағынасы көбінесе контекст арқылы ашылатыны ескерілді. Мақалада детектив романындағы фразеологиялық бірліктердің кейіпкерлердің мінез-құлқына, шиеленіс атмосферасын құруға және сюжеттің дамуына қалай әсер ететіні қарастырылды. Зерттеу нәтижелері детективтік әдебиетте фразеологиялық бірліктердің авторлық мақсатқа жету үшін басқа тілдік құралдармен қалай әрекеттесетінін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




