Ясауи шығармалары мен сопылық ағымы қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің негізі ретінде
Қаралымдар: 482 / PDF жүктеулері: 346
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-184-194Кілт сөздер:
Ахмет Йассауи, сопылық ағым, «Диуани хикмет», Пақырнама, ислам, түркі әдебиеті, қазақ әдебиеті, Абай, ШәкәрімАңдатпа
Қожа Ахмет Яссауи – ортағасырлық түркі әлемінің әйгілі сопысы және исламдық мистицизмнің көрнекті өкілі. Оның шығармалары мен сопылық ағымы қазіргі қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің қалыптасуында ерекше орын алады. Яссауидің ілімі мен шығармашылық мұрасы тек діни емес, сонымен қатар түркі дүниесінің әдеби және мәдени аспектілерінде де үлкен әсер қалдырды. Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметтер» атты
шығармалары оның философиялық, діни және моральдық ойларының көрінісі болып табылады. Хикметтер – адамның рухани және моральдық жетілуіне бағытталған өлеңдер мен өсиеттер жинағы. Бұл шығармалар қазақ әдебиетінің қалыптасуына негіз болды, себебі оларда халықтық даналық пен философиялық тұжырымдар қазақтың рухани құндылықтарына ықпал етті. Яссауидің сопылық ілімі адамды Аллаға жақындату, рухани тазалыққа жету жолдарын көрсетеді. Оның ойлары мен тәжірибелері қазақтың діни танымында терең із қалдырды. Сопылық ілімнің негіздері қазақтың рухани өмірінде және әдебиетінде үлкен орын алады. Ясауидің шығармаларындағы тіл мен стиль қазақ әдеби тілінің қалыптасуына әсер
етті. Оның өлеңдері мен тұжырымдары халықтың күнделікті тілінде, салт-дәстүрлерінде терең із қалдырды. Әдеби тілдің байлығы мен көркемдігі, Ясауидің шығармаларындағы тақырыптар мен мазмұндардың көптігі арқылы дамыды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




