Тілдік санадағы сакралды лексика көріністері
Қаралымдар: 288 / PDF жүктеулері: 306
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-44-59Кілт сөздер:
тілдік сана, сакралды лексика, ассоциациялық тәжірибе, репрезентация, этнопсихолингвистикаАңдатпа
Әле мдегі ұлт тілдерінің лексика-семантикалық жүйесінде ортақ сипаттар мен сол тілді иеленушілерге тән семантикалық кеңістік бөліктері болады. Солардың ішінде сакралды лексика әрбір ұлттың тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен, таным-түсінігімен, дінімен ажырамас бірлікте қарастырылып,
ұлт тіліне тән мағыналық кеңістікті түзетін лексикалық топты құрайды.
Қазақ лингвистикасында сакралды лексиканың семантикасы, этимологиясы,
киелі сөздердің ұлттың тұрмыс-тіршілігі, танымымен байланысы, қасиет-киені иеленуінің басты себептері этнография, тарих, мәдениет салаларымен сабақтастықта зерттелгенімен, бүгінгі ұрпақтың тілдік санасындағы сакралды лексиканың қалайша ұғынылып, қабылданатыны, қандай сөздермен репрезентацияланатыны қарастырылмады. Сондықтан мақала тілдік сана көріністері арқылы ұлттың, ұлт тілінің өміршеңдігін анықтауда ғылыми-тәжірибелік жағынан өзекті.
Ұлт таным-түсінігінде киелі семаны иеленген бірліктердің қазіргі уақыттағы ассоциациялық көріністерін айқындау – зерттеудің мақсаты. Бесік, садақ,
ұршық сөздерімен байланысты тілдік санадағы бейнелерді анықтау тіл мен
ұлттың ажырамас бірлігін түсінуге, ұлттық кодтың сақталуын бағамдауға, жаһандану дәуірінде, мәдениеттер тоғысында өмір сүріп жатқан ұлттың бірегейлігін ана тілі арқылы тануға мүмкіндік береді.
Тілдік санадағы сакралды лексика көріністері еркін ассоциациялық тәжірибе,
сауалнама жүргізу арқылы айқындалды. Нәтижесінде тілдік сана көрінісінде
ұлттық сипаттың басымдығы ашылды, сакралды бірліктердің жастар санасында халықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен байланысты ақпараттармен сақталғаны анықталды. Бұл тіл арқылы ұлтты
сақтауда, қазақ танымындағы киелі дүниелердің мән-мағынасын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізуде маңызды. Тәжірибеге қатысушылардың жекелеген жауаптарынан өзге мәдениеттің де ықпалы байқалды. Ол бесік, садақ, ұршық стимул сөздеріне берілген реакциялар арқылы айқындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




