Монғолия аймағындағы қазақ топонимиясы (жазба деректер негізінде)
Қаралымдар: 324 / PDF жүктеулері: 323
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-80-94Кілт сөздер:
Моңғолия қазақтары, тарихи топонимика, тарихи оқиға, морфологиялық құрылым, топонимикалық аңыздар, фольклортану, жазба деректер, топонимдерАңдатпа
Мақалада Моңғолия қазақтарының тарихи топонимикасы жазба деректер негізінде қарастырылды. Қазақ халқының бір тармағы Керей Абақтың Алтай асып Моңғолия жерін қоныстанғанына бір жарым ғасырдан
астам уақыт өткен. Түрлі тарихи кезеңдер мен ауыртпалықты бастан кешкен Моңғолия қазақтары қазірде Алтайдың теріскей бетін, Қобда өлкесін өз атамекені санайды. Жер-су аттары – өткен тарихтың, халық жадының белгісі. Мақаланың басты мақсаты – Моңғолия қазақтарының тарихи топонимикасын жинап-жүйелеу және басты сипаттарын, тарихпен байланыстылығын
анықтау болып табылады. Бұл ретте алдыңғы кезекте жазба деректер – ХІХ
ғасырда Моңғолия жерінде болған экспедиция мүшелерінің жолжазбалары,
ел басына ауыр жағдайлар әкелген тарихи оқиғаларға байланысты шыққан халық ақындарының өлең-жырлары, балалық шағын атамекенде өткізіп, кейін атажұртқа оралған қандас бауырлардың естелік-толғаныстары, қазіргі ақындардың жыр-толғаныстары, тағы басқа материалдар негізге алынды. Зерттеу жұмысында Моңғолия қазақтарының көші-қон тарихына, бүгінгі тыныс-тіршілігіне байланысты шыққан кітаптар зерттеудің дереккөздері ретінде пайдаланылды.
Мақаланың өзектілігі Моңғолия қазақтарының тарихи топонимикасы
бұрын-соңды зерттеу объектісіне айналмаған. Жұмыстың жаңалық сипаты да осымен байланыстырылады. Моңғолия қазақтарының тарихи топонимикасы бай және әр алуан. Тарихи топонимика қандас бауырлардың тарихынан, ел басынан өткен оқиғалардан мол мәліметтер береді. Моңғолия қазақтарының өз атамекенінде тұрақтап қалуы жанкешті күреспен, тарихи тұлғалардың батыл шешімдерімен байланысты екені анықталады. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы шетелдегі қазақтардың қоныстану тарихы мен тарихи топонимикасының қалыптасу жолын тануда зерттеу еңбегі болып табылады. Жұмыс нәтижесін жоғары оқу орындарының филология бағыттарының дәрістерінде, осы тақырып бағытындағы
зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады. Зерттеуде дискриптивтік (сипаттама), тарихи-салыстырмалы (компаративтік), тарихи-салғастырмалы (типологиялық) тілдік-этимологиялық, когнитивтік, жинақтау әдіс-тәсілдері негізге алынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




