Көркем шығармадағы автор және тұлға концепциясы
Қаралымдар: 250 / PDF жүктеулері: 192
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-217-227Кілт сөздер:
тұлға концепциясы, роман, кейіпкер, образ, қаҺарман, авторАңдатпа
Мақалада көркем шығармадағы автор және тұлға концепциясы, Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» және Қ. Жиенбайдың романдары қарастырылады. Қазірде әдебиеттегі адам мен оған қатысты мәселелерді зерттеуде жанр, шығарманың құрылымы, идеялық мазмұнмен шектелмей, автор және тұлғаның көркемдік концепциясы тұрғысынан қарастырылады. Талдаудың бұл үлгісінде жазушы жасаған барлық қаһармандарды тануға мүмкіндік беріледі. Туындыдағы автор концепциясы жазушының өмір құбылыстарына бағасын, дүниенің тұтастығы туралы философиялық көзқарасын білдірсе, тұлғаның көркемдік концепциясы соның жүзеге асу жолдарын анықтайды. Роман тұтасымен сана ағымына құрылған. Автордың суреткерлік позициясы Жәдігер образына жүктелген. Жанкештілік пен жауапкершілік, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік
– оның басты сипаты. Автор-Жәдігер-Еламан («Қан мен тер» трилогиясы) тұлғаларының рухани тұтастығы көрінеді. Тұлғаның көркемдік концепциясының басты принциптері – қаһарманың қиын сәтте өзін-өзі тануға ұмтылысы, өмірге деген өзіндік көзқарас пен берік байлам, қоғамдағы адамның орны мен адамдық құндылықтар талданады. Арал-Байқоңыр өңірінің экологиялық зардаптары суреттелетін Қ.Жиенбайдың романдары – бір-бірімен жалғасып жатқан туындылар. Тақырыптары, мезгіл және оқиға орындары ортақ. Қаһармандардың кәсіптері мен қызметтері әр алуан болғанымен, бір өңірдің тумалары. Олардың қай-қайсысы да экология зардаптарын терең сезінеді. Бірақ атамекендерін тастап, өзге өңірлерге қоныс аудармайды. Автордың суреттеуінде бір өңірде бірнеше қарама-қайшы өмір көріністері тоғысқан. Арал – адамзаттық экологиялық қасірет аймағы, Байқоңыр – әлемдік ғарыш айлағы, Қорқыт ата кесенесі – түркі жұртының киелі мекені.
Жазушы осы контрастыны туындыларында шығармашылықпен өрістетеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




