Сәулет-құрылыс дискурсы және оның жанрлық ерекшеліктері
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-127-136Кілт сөздер:
дискурс, институционалды дискурс, сәулет-құрылыс дискурсы, онтология, жанр.Аңдатпа
Мақалада тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма бағыттарының бірі болып табылатын дискурстың қалыптасуы туралы
мәлімет беріліп, лингвистикалық тұрғыдан дискурсқа түсініктеме берген ғалымдарға шолу жасалды. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде сәулет-құрылыс дискурсы таңдалып, ал зерттеу пәні ретінде оның жанрлық
ерекшеліктері анықталып көрсетілді. Сәулет-құрылыс дискурсына лингвистикалық термин ретінде анықтама ұсынылды. Сәулет-құрылыс саласымен байланыста қарастырылып, кәсіби коммуникацияға
бағытталған мәтіндердің жиынтығы сәулет-құрылыс дискурсын құрайды. Күрделі дискурсивтік құрылым ретіндегі сәулет-құрылыс дискурсының жанрлық кеңістігі ғылыми, академиялық, жобалық, құқықтық, заң, маркетинг және жарнама дискурстарының аясында жүзеге асыратындығы көрсетілді. Ақпараттың жеткізілуіне қарай ауызша және жазбаша
түрлері ажыратылып, сөйлеу жанры ретінде тақырыптық, мазмұндық, құрылымдық бірлікте қарауға болатындығы айқындалды. Сәулет-құрылыс саласындағы сөйлеу жанрлары ажыратылды. Олар: ғылыми
дискурстың сөйлеу жанры; академиялық дискурстың сөйлеу жанры; жобалық дискурстың сөйлеу жанры; құқықтық дискурстың сөйлеу жанры; заңнамалық дискурстың сөйлеу жанры; маркетинг дискурсының сөйлеу жанры; жарнама дискурсының сөйлеу жанры. Сонымен қатар
сөйлеу жанрының келесі параметрлері көрсетілді: адресант және адресат
бейнесі, тілдік көрінісі, коммуникативтік құзыреттілік, қатысымдық мақсат, қатысымдық интенциясы, диктум және модус мазмұны, сөйлеу әрекетінің жиынтығы.