Әлеуметтік желілердегі инвективті лексика
Қаралымдар: 323 / PDF жүктеулері: 271
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-117-126Кілт сөздер:
интернет-комментарий, әлеуметтік желілер, инвективті лексика, сөйлеу агрессиясы, медиа дискурс, тілдік агрессия, тіл мәдениеті, лингвомәдениеттану.Аңдатпа
Бүгінгі таңда тілдік прагматиканың жарқын көрінісі – бұл, әсіресе әлеуметтік желілерді қолданушылар белсенді қолданатын инвективті стратегия. Мақалада тілдік агрессияның көрінісі тұрғысынан Instagram желісін пайдаланушылардың пікірлері талданады, бұл мақала авторының пікірінше,
бір жағынан интернет-коммуникацияның ерекшелігімен түсіндіріледі, яғни онда бірқатар коммуникативті шектеулер жоқ, қарым-қатынастың виртуалды сипаты және анонимділік басым, екінші жағынан, әлеуметтік шиеленістің белгісі болып табылады: сөйлеу агрессиясының деңгейі жарияланымның мазмұнына
қызығушылық деңгейіне, яғни мәтінде көрсетілген оқиғаның комментатор үшін
маңыздылығына тікелей байланысты.
Мақалада қойылған мақсат – әлеуметтік желі қолданушыларының елдегі
жаңалықтар жарияланған қысқаша посттарға жазған комментарий мәтіндердегі
инвективті лексиканың негізгі түрлерін және негізгі функцияларын анықтау.
Инвективті лексиканы қолдануға әкелетін жанжалды жағдай мен жанжалды сөйлеу әрекетінің пайда болуы коммуниканттардың бір-бірін қасақана қорлау және кемсіту арқылы ауызша жанжалға түсуіне байланысты екендігі атап өтілді. Инвективалар мысалында жанжалды дискурста қалыптасатын вербальды
қатынастар зерттеледі, бұл адам қызметінің танымдық аспектісін көрсетеді.
Инвективті лексиканың ең көп мөлшері зоосемантикалық фразеологиялық
бірліктер мен метафоралар санатында және адамның жеке басын кемсітуге тікелей бағытталған сөздерден тұратыны жайлы қорытынды жасалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




