Жануарлар туралы ертегілердегі анималистік лексика
Қаралымдар: 421 / PDF жүктеулері: 332
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-149-4-61-69Кілт сөздер:
анималистік лексика, зооним, зоосемизм, зоометафора, зооморфизм, жануарлар туралы ертегі, лингвомәдениеттану, тілдік бейнеАңдатпа
Мақала қазақ және ағылшын тілдеріндегі анималистік лексиканы қарастыруға арналған. Мақаланың мақсаты - лингвомәдени және салыстырмалы жағынан қазақ және ағылшын халықтарының жануарлары туралы ертегілерге негізделген анималистік лексиканы қарастыру. Анималистік лексиканың әмбебаптылығына қарамастан бұл бағыттағы зерттеулер шектеулі. Анималистік лексика тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қазақ және ағылшын халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен наным-сенімдеріне қатысты лингвомәдени ақпаратты көрсетеді. Мақаланың ғылыми және практикалық мәні де осында жатыр. Мақалада қазақ және ағылшын тілдерінің анималистік лексикасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталады. Сондай-ақ, зерттеу әдіснамасы ретінде біз таңдаған ағылшын тілінің лексикалық бірліктеріне қазақ тілінің ұқсас лексикалық бірліктері бар жануарлар туралы ертегілерге салыстырмалы және лингвомәдени талдау жүргізілді. Алдымен екі тілдегі жануарлар туралы ертегілер жинақталып, ондағы анималистік лексика мағынасы көрсетіледі, олардың ортақ және ұлттық сипаттары талданады. Зерттеу нәтижесінде талдауға алынған анималистік лексика астарында белгілі бір ұлтқа ғана тән этномәдени кодтар анықталып, оларға талдау жасалынды. Жинақталған адам тәжірибесі мәдениетте оны сақтау мен таратуды қамтамасыз ететін әртүрлі таңбалық жүйелер арқылы анықталатындығы байқалды. Мақаланың ғылыми құндылығы екі тілдегі жануарлар туралы ертегілердегі анималистік лексика негізінде дүниені қабылдау мен таным мәселесі лингвомәдени жағынан анықталады. Мақаланың практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелер ертегі дискурсы, когнитивті лингвистика сияқты курстарды дайындауда қолданыла алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




