Бақытжан Қанапьяновтың философиялық лирикасы
Қаралымдар: 208 / PDF жүктеулері: 193
Кілт сөздер:
концептуалдық, концептуалды метафоралар, философиялық көзқарастар, дискурс, ассоциативтілікАңдатпа
Зерттеудің өзектілігі Бақытжан Қанапьяновтың шығармашылығына деген қызығушылықтың тереңдеуімен анықталады. Ақын Б. Қанапьянов поэзиясының философиялық бағыты филолог ғалымдардың үнемі қызығушылығын тудырып, дербес зерттеу нысанына алынып келеді. Қазіргі тіл біліміндегі басым антропоцентристік парадигмаға сәйкес Б.Қанапьянов шығармаларындағы ұғымдарды зерттеуге арналған еңбектер жарық көрді. Дегенмен, ақын шығармашылығының ғылыми зерттеуге алынған мәселелерінің ауқымдылығына қарамастан, оның тақырып таңдаудағы өзіндік мәнері, стиль айқындығы мен өмір құбылыстарын жеке философиялық бейнелеуі әлі де ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Мақала авторлары ақын шығармашылығындағы философиялық бағытты талдап, қол жеткізген нәтижелерін ұсынуды мақсат етті. Өмірді философиялық қабылдау әр адамға, әсіресе ақынға тән. Б.Қанапьяновтың шығармашылығы барлық өмірлік жағдайларды өзіндік, ерекше түсіндіруімен ерекшеленеді. Оның философиясы өмір мен өлімнің мәні, тұлғаның халық тарихымен байланысы, азаматтық парыз туралы ілімдерді қарастырудан туындайды. Ақын философиясы таза әрі дара, ол ақынның поэтикалық ізденісінен туып, дүние, ғалам және адам туралы концептуалды идеяда концептуалды метафораларда бейнеленген: ғарыш – жұлдыз – адам, табиғат – үйлесімділік – адам, музыка. - дүние - жан. Зерттеудің негізгі қорытындысын дәлелдеу үшін авторлар ақын шығармашылығы мен оның дүниетанымының дискурсында зерттеу қажеттілігін растауға мүмкіндік беретін тиісті зерттеу әдістемесін қолданды. Талдау нәтижесінде Бақытжан Қанапьяновтың поэтикалық мәтінінің философиясы өлеңнің туу барысында автордың ой-толғамдары арқылы қалыптасатыны айқындалды. Қаламгердің өмір туралы философиялық түсінігі оқырманға автормен сырласу арқылы жеткізіледі деген тұжырым жасалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




