Қазақ қоғамының Абай қарасөздеріндегі көрінісі
Қаралымдар: 346 / PDF жүктеулері: 335
Кілт сөздер:
Абай қарасөздері, тезаурус, мінез, қоғам, семантикаАңдатпа
Мақалада Абай қарасөздеріндегі қазақ қоғамының көрінісі сөз болады. Қазақ елінің рухани бағдары – ұлы Абайдың мұрасы екені даусыз. Дала данышпанының ең құнды туындысы – қара сөздері. Ең басты обьектісі адам болса, мақсаты – адам тәрбиесі. Ол «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп шығармаларында «адам шыр етіп дүниеге келгеннен өмірінің мәнді болу үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап беріп, олардың өмір сүруінің гуманистік бағдарламасын жасап берді. Абай сынаған қазақ халқы мінезі қазіргі таңда да айна қатесіз кездесуі нені білдіреді? Әлде бұл адамзат баласына туа біткен мінез ба, оны қайтсек түзейміз? «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзді Абай неге айтқан екен?! Адам мінезін түзеу үшін не істеу керек? Міне ұсынылып отырған мақала аясында осы сұрақтарға жауап іздеп, Абай қарасөзінің өміршеңдігін қазіргі заман талаптарымен дәлелдеу – мақаланың негізгі мақсаты. Осы мақсатқа жету үшін ойшылдың қарасөздеріндегі ой түйіндері талданды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




