Тілдік рефлексияның дискурс және мәтінмен арақатынасы
Қаралымдар: 240 / PDF жүктеулері: 241
Кілт сөздер:
дискурс, тілдік код, когнитивтік код, мәтін, тілдік рефлексия, көркем дискурс, рефлексивАңдатпа
Бұл мақалада тілдік рефлексияның дискурспен жəне мәтінмен арақатынасы, рефлексия үдерісінің мәтінде көрінісі, лингвистикада алатын орны жайлы мəселелер қарастырылды. Тіл біліміндегі жаңа парадигма когнитивтіліктің туындауымен тілдік рефлексия ұғымын, оның пәнаралық сипатын, тілдік бірліктерді менталды аспекті тұрғысынан зерттеудің маңыздылығы арта түсті.
Дискурс ғаламды бейнелеудің, ұғынудың тәсілі ретінде сөз бен ойдың бірлігін айқындаса, мәтін когнитивтік әрекеттің нәтижесі ретінде тілдік кодпен берілетін дискурс бірлігі болып табылады. Мақалада дискурс пен мәтінді қатар қарастыра отырып, өзара ерекшеліктеріне тоқталып, мәтіндегі ақпаратты қабылдауда оқырманның санасындағы реакцияны, оған стимул болған тілдік бірліктерді талдауда рефлексия үдерісіне ұласатыны анықталып, тілдік рефлексия ұғымымен ұштастыра отырып зерттеледі. Осыған орай, тілдік код және когнитивтік код терминдеріне анықтамалар беріліп, мысалмен нақтыланады. Ғылыми жұмыста мәтін мен дискурстың тілдік рефлексиямен арақатынасын анықтауда Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» туындысынан үзінділер алынып, талдаумен ұсынылды. Мақалада анализ, синтез, сипаттау және модельдеу әдістері қолданылды, дискурстың когнитивтік табиғатын пәнаралық ғылым саласы аясында қарастыруда ғалымдардың еңбектері негізге алынды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




