Әлеуметтік желі тілінің лингвостилистикалық сипаты
Қаралымдар: 306 / PDF жүктеулері: 491
Кілт сөздер:
әлеуметтік желі тілі, коллоквиализация, экспрессивтілік.Аңдатпа
Қазақ тілі екі формада – ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Виртуалды қатынас қазақ тілінің қолданылатын үшінші аясына айналып отыр. Ауызша және жазбаша қатынастың ерекшеліктері болатындығы сияқты әлеуметтік желі қатынасының да өзіндік ерекшеліктері бар. Әлеуметтік желі табиғатына тән белгілер ретінде мыналарды айтуға болады: 1) анонимділік; 2) желідегі байланыстың желі қолданушысының еркі мен қалауы бойынша іске асатындығы; 3) эмоционалдылықты беруде мәтінмен қоса бейвербалды амалдардың қолданылуы; 4) желідегі әрекеттердің жалпыға ортақ әлеуметтік нормалардан ауытқушылығы. Бұл белгілер әлеуметтік желі тілінің лингвистикалық ерекшелігіне ықпал етіп отыр. Әлеуметтік желі тілінің ауызша әрі жазбаша формада көрініс табуы бұл екеуінің де белгілерін өзіне қосқан стилистикалық әртүрлілігімен, көп функционалдылығымен, көптілділігімен, табиғатының жылдамдығымен сипатталады. Мақалада әлеуметтік желі тілінің лингвостилистикалық сипаты баяндалады. Әлеуметтік желі тілінің лингвостилистикалық ерекшеліктері ретінде коллоквиализация, экспрессивтілік, көпкодтылық және желі тіліндегі сөйлеудің тұрпайылануы мен арзанқолдылығы, уәжсіз көптілділігі айқындалады. Коллоквиализация ұғымы ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздердің әдеби нормаға енуін білдіреді. Әлеуметтік желідегі экспрессивтілік желі қолданушыларының көздеген мақсаттарына сәйкес сөздерін айқын, мәнерлі, күшті әсер ететіндей етіп шығаруға байланысты жұмсалады. Әлеуметтік желідегі мәтіндер тек табиғи тілдік бірліктерден емес, графикалық, шрифтік, визуалды іспеттес құралдардан тұрады, бұл өз кезегінде желі тілінің көпкодтылығын айқындайтын белгі. Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастың кейбір ерекшеліктері сөйлеу мәдениетінің дөрекіленуі мен арзанқолдылық сипат алуына соқтырып отыр
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




