Дауысты дыбыстардың тарихи өзгерісі («Шежіре-и теракиме» еңбегі негізінде)
Қаралымдар: 203 / PDF жүктеулері: 248
Кілт сөздер:
вокализмдер, диахронды әдіс, синхронды әдіс, шағатай тілі, фонетика, жазба ескерткіштерАңдатпа
Түркі тілдерінің даму ерекшеліктерін көрсететін көне түркі, орта
түркі жазба ескерткіштерінің тілі барлық түркі тайпаларына ортақ, аздаған
фонетикалық ерекшеліктері бар әдеби-жазба тіл деңгейінде қарастырылады, біразы
диалектілік немесе жартылай диалектілік ерекшеліктерімен сипатталады. Жазба
ескерткіштерді лингвистикалық аспектіде зерттеу тіл білімі үшін аса маңызды.
Оның ішінде дыбыстар жүйесі, олардың тарихи қалыптасуын айқындау тілдің
мазмұнды саласы болып табылады.
Мақалада Әбілғазы Баһадүр Ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегіндегі дауысты
дыбыстар жүйесі, олардың тарихи өзгерісі қарастырылды. Аталған еңбек XVII
ғасырда шағатай тілінде жазылған. Шағатай тілі барша түркі халықтарына ортақ
жазба тіл болғандықтан, ол тілдегі еңбектердің фонологиялық қабатын саралау –
тарихи грамматикаға қатысты тың деректердің жарыққа шығуына себеп болады.
Сонымен бірге, мақалада «Шежіре-и теракиме» еңбегіндегі e > i (е⁓и), ü > e (ү⁓е), ü >
i(ү⁓и), o > a(о⁓а), u > a(у⁓а) дауысты дыбыстар өзгерісі жайлы сөз болды. Дауысты
дыбыстар өзгерісінің ерте түркі дәуірі ескерткіштеріндегі, орта түркі кезеңіне
тән қолжазбалардағы, қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы сараланды. Аталмыш
еңбекті фонологиялық жақтан саралай отырып, вокализмдер, вокализмдердің тарихи
қалыптасуы, туыс, туыстас тілдер арасындағы сабақтастықтарды айқандау
мақсат етілді. Вокализмдер жүйесін, олардың өзгеру сипатын зерделеу мақсатында
салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды. Зерттеу мақалада «Шежіре-и теракимедегі»
дауысты дыбыстар өзгерісі тарихи тізбек бойынша талданып, Көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі, М. Қашғаридің «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігіндегі, қазіргі
түркі тілдеріндегі вокализмдер жүйесімен салыстырылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




