Телевизиялық дискурс прагматикасы
Қаралымдар: 242 / PDF жүктеулері: 258
Кілт сөздер:
телевизиялық дискурс, прагматика, таңғы бағдарламалар, антропоөзектілік парадигма, коммуникация, журналистика, стратегия, тактика, бейвербальды амалдарАңдатпа
Мақала телевизиялық дискурстың прагматикалық табиғатын тану бағытына арналып, нақты нысан ретінде таңғы бағдарламалар зерттеуге алынды. Ғылыми техникалық ілгерілеу алға басқан сайын қоғамдық қатынастар да күрделене түседі, ақпараттар легінің жылдам, нақты, қысқа, әрі шынайы болуы – медиа саласының басты талабы. Бүгінгі медиа саласының дискурстық табиғаты адресант-мәтін-адресат үштігі аясында прагматикалық мақсаттарға бағытталады. Телевизиялық дискурстың прагматикалық табиғатын тануға арналған зерттеу мақала антропоөзектік парадигма қағидаларына орай тілді адамның санасы мен танымы, рухани құндылықтары әлемі негізінде тұтас алып қарастыруды мақсат етеді. Зерттеу мақала таңғы ақпаратты бағдарламалардың берілу форматындағы жаңашылдықтарын тануға, прагматикалық мақсаттарын (стратегия мен тактика) нақтылауға бағытталды. Коммуникация барысындағы адресант – адресат арасындағы өзара байланысты бағамдауда тележүргізушінің кәсіби шеберлігі (сұрақ қою шеберлігі) мен тікелей эфир мәдениетін меңгеру деңгейлерін ескере отырып адресант пен адресаттың аялық білімі мен танымы т.б. мәселелерін қарастыру міндеттері қойылды. Телевизия дискурсындағы бағдарламаларды антропоөзектілік парадигма аясында қарастыру теориялық тұрғысынан қажет болады. Телевизиядағы сөйлеу әрекеті, қоғамдағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыратыны белгілі. Сондықтан телевизия мүмкіндіктері мен қолданысына назар аудару мен экран мәдениетін меңгеру практикалық тұрғыдан құнды. Тілді адамның санасы мен танымы, рухани құндылықтары әлемі негізінде тұтас алып қарастырудың маңыздылығы зор болмақ.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




