Топонимиялық зерттеулердің географиялық және картографиялық әдістері
Қаралымдар: 426 / PDF жүктеулері: 1246
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2022-139-2-100-111Кілт сөздер:
топонимика, география, картография, көзмөлшер түсірілім, сұлбалық сызба, картаның тілі, картографиялық топонимикаАңдатпа
Топонимика – табиғи және адам қолымен жасалған нысан атаулары, ол қоғамның түрлі салаларында қолданылады. Соның ішінде география, картографиямен байланысы аса маңызды мәселелерді қамтиды. Картадағы жер-су атаулары тарихи дерек ретінде аса маңызды мәліметтер бере алады, сондықтан оны тек географиялық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, тарихи құжат ретіндегі мәнін ашу да - аса маңызды міндеттердің бірі. Әлемде түрлі карталар бар, олардың ең қарапайым түрлері-ертеректе қолмен түсірілген сұлбалық сызбалар. Сол замандардан бастап, мәліметтер базасын құру мен қазіргі ГАЖ (геоақпараттық жүйе) технологияларын қолдану дәрежесінде дейінгі аралықта дамып жетілген неше буын карталардың барлығы да географиялық нысандар мен топонимдерсіз болған емес. Демек, топонимикалық мәліметтер үшін карталардың көне жаңасы болмайды, керісінше жарық көрген уақыты бойынша жер-су атауларын тарихи дәуірлерге топтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Осы мәселелерді ескере отырып, мақалада бірніші кезекте, негізгі мақсатқа сәйкес, география, картография салаларының топонимикамен сабақтасатын тұстарына назар аударылып, жер бетіндегі географиялық нысандар мен топонимдердің карта мазмұнындағы орны айқындалды. Архивтен алынған құжаттарға, нақтырақ айтқанда, сұлбалық сызба мен оған қатысты хаттама бойынша ол жерде кездесетін топонимдер мен географиялық терминдерге талдаулар жасалды.
Негізгі талдаулар тақырыпқа сәйкес, картографиялық, географиялық және лигвистикалық әдістердің аясына топтастырылды. Географиялық тұрғыдан – ауыл шекарасы сызығының сипаттамасы жасалды, картографиялық тұрғыдар – сұлбалық сызбадағы атаулар мен сол елді мекендегі атаулар салыстырылды, лингвистикалық тұрғыдан – орыс тілінде толтырылған атаулардың транскрипциясы жасалып, түпнұсқа тұлғасы қалпына келтірілді. Зерттеу барысында карта бетіндегі лингвистикалық, географиялық, картографиялық және тарихи ақпараттар пайдаланыла отырып, кешенді зерттеу әдістері қолданылды
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




