Қазақ тілін деңгейлеп меңгертуге бағытталған тапсырмалар жүйесінің сипаттамасы
Қаралымдар: 418 / PDF жүктеулері: 346
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-188-196Кілт сөздер:
тапсырмалар жүйесі, қатысымдық әрекеттер, айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесімАңдатпа
Мақалада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» жалпы білім беретін пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген қазақ тілін деңгейлік меңгеруге бағытталған университеттің тілдік емес мамандықтарының студенттеріне арналған тапсырмалар жүйесі ұсынылған. Сондай-ақ, қазақ тілін үйретуде репродуктивтік, вариативтік, ізденістік, шығармашылық тапсырмаларына қойылатын талаптар мен олардың сипаттамасы беріледі. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктелген.
Мақаланың негізгі мақсаты – ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда талдау жасай отыра, әрбір әрекеттің мазмұнына сай негізделген тапсырмалар түрлерін ажыратып, жүйелеп ұсынумен қатар, қазақ тілін тиімді үйретуге бағытталған дағдыларды зерттеп көрсету де қарастырылған. Атап айтқанда сөздікпен жұмыс істеу, сызба құрастыру, нақты тақырып бойынша тірек конспектілер, салыстырмалы кесте жасау, әдебиетпен жұмыс істеу, дискуссия жүргізу, пікір-талас (ой-толғау, дебат), дөңгелек үстел өткізу және т.б.
Сонымен қатар, қазақ тілін үйрету барысында ойластырылған тапсырмалар жүйесін әзірлеп пайдаланудың нәтижелері зерттелініп, мақаланың ғылыми-әдістемелік маңызын аша түседі. Ойластырылып құрастырылған тапсырмалар жүйесі білім алушылардың қазақ тілін үйрену барысында тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруына, қатысымдық әрекет (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлерін толыққанды игеруге мүмкіндік тудырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




