Қазақ әңгімелеріндегі мистикалық мотивтер
Қаралымдар: 489 / PDF жүктеулері: 749
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-109-120Кілт сөздер:
мистика, мифология, иррационализм, әдеби әдіс, типология, әңгіме, мистикалық сюжет, мистицизм, рухани құндылық, өмір құбылыстары, шетел мистикасыАңдатпа
Мақала қазақ әңгімелеріндегі мистикалық мотивтерді талдауға арналған. Авторлар салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық, тарихи-фунционалдық тәсілдер негізінде қазіргі қазақ прозасының әңгіме жанрындағы мистикалық сарындардың қолданылу ерекшеліктерін зерделеген. Зерттеу жұмысына әлемдік және отандық әдеби үлгілер арқау болған, олардың бастау көздері, өрбу эволюциясы мен заманауи трансформациясы тізбектеле көрсетілген. Эзотериялық, діни тұрғыда игеру жүйелері талданып, иррационализм принциптерін ұстанған мистикалық сарындағы туындылар негізге алынған. Қазақ мистикасының ерекшелігі – тәңірлік таным жоралғылары мен мұсылмандық-сопылық дәстүрлерден бастау алатынында. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ қаламгерлерінің мистикалық сарындағы әңгімелері салыстырмалы тұрғыда зерделенген.
Сонымен қатар, мақалада қазақ және шетел туындыларындағы мистикалық желілерін сипаттау арқылы мистиканың жалпы табиғаты мен мәні ашылған. Мистиканың әдебиетпен байланысы қарастырылып, әңгімелер құрылымдағы көркемдік қызметі айқындалған. Қазақ қоғамы, адам психологиясы, адам тағдыры суреттелген Оралхан Бөкей, Мұхтар Мағауин, Нұрғали Ораз, Қойшыбек Мүбарак әңгімелеріндегі мистикалық желілер негізге алынған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




