«Хұсрау уа Шырын» мәтінін транскрипциялау мәселесі
Қаралымдар: 312 / PDF жүктеулері: 394
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2023-145-4-55-65Кілт сөздер:
әліпби, таңба, әріп, дыбыс, мәтін, түпнұсқа, транскрипция, транслитерация, араб графикасы, жазба мұраАңдатпа
Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың араб жазулы жазбаларды транскрипциялаудағы ұстанымдары мысалдар арқылы талданған. Атап айтқанда, түрколог ғалымдар Э.Наджип, В.Радлов, Э.Севортян, В.Наделяев, Д.Насилов, Э.Тенишев, А.Щербак, сонымен қатар түрік ғалымдары Н.Хажиеминоғлұ мен Б.Дагтың араб жазулы жазбаларды кирил, латын графикасына транскрипциялаудағы ұстанымдары мен ең басты ерекшеліктері талданған. Түрік ғалымдарының «Хұсрау уа Шырын» ескерткішін транскрипциялау барысында түрік әліпбиінде жоқ таңбаларды да қолданғаны және оның басты себептері мақалада нақты мысалдар арқылы көрсетілген. Сонымен қатар, мақалада араб графикасымен таңбаланған жазба мұралар мәтінін кирил графикасымен беру мәселелері талданып, транскрипциялау мен транслитерациялаудың принциптері туралы сөз болады. Мақала авторы кеңестік кезеңде араб жазуымен сақталған жазба мұраларды кирил жазуына аудару кезінде өзбек немесе татар тілдеріне жақын транскрипциялау дәстүрі қалыптасқанын әрі бұл үрдістің тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасып келе жатқанын талдаған және жазба мұраларды қазақ тіліне жақындатып транскрипциялау қажеттігін ұсынып, оның басты себептерін көрсеткен. Сондай-ақ мақалада практикалық транскрипция мен транслитерацияның ұқсастығы мен айырмашылығы сараланып, екеуінің қызметі талданған. Транскрипция мен транслитерация ұғымдарының тіл білімінде зерттелу тарихына тоқталып, ғалымдар тұжырымдарына салыстырмалы зерттеу жүргізген. Екі ұғымның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтары талданған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




