Қазақстандық жастардың сөйлеу әрекетінің ерекшеліктері: зерттеудің әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық аспектілері
Қаралымдар: 334 / PDF жүктеулері: 704
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2024-147-2-26-41Кілт сөздер:
Қазақстандық жастар, сөйлеу мінез-құлқы, социолингвистикалық портреті, тілдік ерекшеліктері, коммуникативті орта.Аңдатпа
Мақалада қазіргі қазақстандық жастардың сөйлеу әрекеті әлеуметтік және психолингвистика тұрғысынан қарастырылады. «Сөйлеу мінез-құлқы» түсінігіне әртүрлі түсіндірмелер беріледі, оны зерттеудің өзектілігі негізделеді. Қазақстандық жастардың әлеуметтік лингвистикалық портретін және оның құрамдас бөліктерін зерттеудің маңыздылығы айтылады.
Мақала авторлары қазақстандық жастардың сөйлеу мінез-құлқында көрініс тапқан тенденцияларды (толеранттылық, көпмәдениеттілік, идентификация, тілдерді білуге құштарлық, сөзжасам түрі
және т.б.), менталитеттің өзіне тән ерекшеліктерін ашады. Қазақстанда жастар арасында ерекше коммуникативті ортаны құруға баса назар аударылады. Зерттеу нәтижелері бай лингвистикалық
материалмен дәйектелген, оның дереккөздерінің арасында ғылыми және публицистикалық әдебиеттер, интернет сайттарындағы материалдар және біздің еліміздегі жастардың жанды сөйлеу қарым-қатынасына ұзақ мерзімді бақылаулар маңызды орын алады. Зерттеудің міндеттері
жинақталған материалды талдауды, және оның әлеуметтік және психолингвистикалық
интерпретациясына кешенді тәсілді қолдануды талап етті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




