Cөзжасамның фонетикамен байланысы туралы
Қаралымдар: 175 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-162-170Кілт сөздер:
сөзжасам мен фонетиканың байланысы, жаңа туынды сөздер, фонетикалық, фонологиялық, морфонологиялық құбылыстар, дыбыстардың сәйкесуі.Аңдатпа
Жұрнақтардың түбірге жалғануы морфонология құбылысы жағынан сөзжасам фонетикаға,
оның заңдылықтарына сүйенеді, туынды сөздерді оның құрамындағы қосымшалардың мағыналық өзгерісі,
дамуы тұрғысынан сөз еткенде, тарихи грамматикамен ұштасып жатады. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сәйкесуі негізінде жаңа атау пайда болып, дыбыс өзгерістері арқылы да туынды мағына жасалады.
Дыбыстық өзгерулер сөз мағынасының өзгеруіне жағдай жасайды, олардың мағынасының өзгеріп, бұрынғы
мағынасының өзегін сақтай отырып, жаңа атаудың туындауына себепші болады. Мұндай дыбыстық өзгерулер арқылы туындаған сөздер тіл білімінде фонетикалық тәсіл арқылы сөз туындату деп аталып жүр.
Мақалада қазіргі қазақ тілі сөзжасам саласының фонетикамен байланысы қарастырылады. Атап айтқанда, әртүрлі фонетикалық, фонологиялық құбылыстардың сөз жасауға қатысына, оның ғылыми-теориялық негізіне назар аударылады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




