Интертекстуалдылық теориясы мен прецедентті құбылыс арасындағы байланыс
Қаралымдар: 234 / PDF жүктеулері: 170
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-122-1-8-13Кілт сөздер:
Интертекст, Интертекст, интертекстуалдылық байланыс, интертекстуалдылық байланыс, прецедентті мәтін, прецедентті мәтін, прецедентті есімдер, прецедентті есімдер, ассоциация, ассоциация, мәдени код, мәдени код, тілдік маркер, тілдік маркерАңдатпа
Мақала прецедентті мәтіндердің көркем шығармалардағы қызметін анықтауға
арналған. Бұл мәселе интертекстуалдылық теориясымен, көркем шығармаларды талдаумен, тіл
мен мәдениет арақатынасымен тығыз байланысты. Интертекстуалдылық теориясына берілген тар
түсінікте ол тек диалогтық қарым-қатынастармен ғана шектеледі, мәтінде қандай да бір нақты
мәтіннің айқын белгілері болады делінген.
Прецедентті элементтердің ұлттық мазмұнын зерттеу арқылы ұлттың ойлау жүйесіне тән
ерекшеліктері мен заңдылықтарын тани түсеміз. Көркем шығармаларда ұтымды қолданылған
прецедентті элементтер шығарманың көркемдік деңгейін арттырады, ұлттың таным-түсінігі мен
пайымдауларынан мол хабар береді. Прецедентті мәтіндердің менталдық сипаттарын зерттеу, оны
ұлттық болмыс пен ұлттық таным көрсеткіші ретінде тануға бағытталған зерттеулер ұлт өмірінен,
дүниетанымынан беретін ақпарат қорын молайтады
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




