У. Шекспирдің «Отелло» пьесасындағы одағайлардың қазақ тіліне аударылуына талдау
Қаралымдар: 143 / PDF жүктеулері: 81
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-109-115Кілт сөздер:
сөз таптары, одағайлар, көркем аударма, әсерлілік, бастапқы және екінші қолданыс, эмотивтілікАңдатпа
Сөйлемде сөздің әсерлілігін күшейтетін, субъективтілік мән ендіретін, контексте нақты бір мағынаға ие болатын одағайларды аудару – оңай мәселе емес. Мақалада түпнұсқа
мен аударма мәтіндеріндегі одағайлар қызметі талданады. Талдау барысында екі тілдегі формалары мен айтылулары ұқсас одағайларды қолдану арқылы аудару, ағылшын одағайларының қазақ
тіліндегі баламаларының көмегімен аудару, бір одағайды басқа одағаймен ауыстыру арқылы аудару,
одағайдан тұратын лепті үнді одағай емес эмоционалды бояуы бар, көбінесе балағат, лепті одағай
емес сөзбен ауыстыру арқылы аудару, одағайды орнын толтыру тәсілін қолданбай-ақ түсіріп тастау
арқылы аудару, шығарманың түпнұсқасында жоқ одағайларды қолдану арқылы аудару сияқты аударманың әртүрлі тәсілдері айқындалды. Қазіргі мәтіндерде одағайлардың не нөлдік деңгейдегі
аудармасына, не контекстік бейімделуіне артықшылық берілетіндігі көрініс береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




