Үкілі Ыбырай – сан қырлы дарын иесі
Қаралымдар: 139 / PDF жүктеулері: 89
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-678X-2018-123-2-51-63Кілт сөздер:
дәстүрлі ән, сал-серілер лирикасы, музыкалық стиль, суырыпсалмалылықАңдатпа
Арқа әншілік дәстүрі ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерекше құбылысы
саналады. Бұл дәстүрдің шығармашылық стилистикалық ерекшеліктерін толық меңгермей, оның
құндылықтарын айқындау мүмкін емес.
Мақала Арқа ән мектебінің белді өкілі, суырыпсалма ақын, әнші-композитор Ыбырай Сандыбайұлы мұрасының стильдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Үкілі Ыбырай шығармашылығының бірегейлігін, яғни жаңашылдық белгілерін ашуға әндерінің музыкалық, поэтикалық тілін және
құрылымын жете түсіну мүмкіндік берді.
Өмірді нәзік қалжың мен иронияға толы «күлкілі» қырынан суреттей отырып, Үкілі Ыбырай
сал-серілер ән лирикасында қалыптасқан қағидаларды бұзып-жара жаңашылдық енгізді. Оның сан
қырлы дарындылығы: бір жағынан, ерекше ақындық қасиеті (шешендігі мен орақ тілділігі), екінші
жағынан, айрықша қызуқанды табиғатының терең лиризммен үйлесілімділігі, әндерінің эмоционалды-мазмұндық негізі мен музыкалық стилистикасына ерекше ықпал етті. Үкілі Ыбырай әндері
жанрлық және тақырыптық сан алуандылығымен өзгешеленеді. Оның мұрасында дәстүрлі өнердің
екі желісі, сал-серілер лирикасы мен ақын-жыраулардың терме-желдірмелері бір арнаға тоғысқан.
Дәстүрлі өлең құрылымдарының (11 буынды қара өлең мен 7-8 буынды жыр өлшемі) негізінде
және олардың өзара кірігуі арқылы Үкілі Ыбырай туындыларында әрі дәстүрлі, әрі жаңашыл музыкалық-поэтикалық құрылымдар мен жанрлар (ән-терме және ән-желдірме) пайда болды. Бұл синтез
құрылымдық жаңашылдықтың негізіне айналды.
Екі кезең (революцияға дейінгі және кеңестік дәуір) тоғысында өмір сүрген Үкілі Ыбырай
шығармашылығының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі жанрлардың жаңа образдық-поэтикалық мәнге
ие болуы. Дәстүрлі тақырып шеңберіндегі пәлсапалық-субъективті әндердің кейбіреуі жаңа сипатта
шығарылған. Мұндай туындылар Кеңес кезеңіндегі дәстүрлі қоғамда кездесетін мораль мен дағдарыстық құбылыстарға деген наразылықтың белгісі болып табылады. Сондықтан, ұзақ уақыт бойы
Үкілі Ыбырай шығармашылығына тыйым салынуы кездейсоқтық емес еді.
Мақалада, сонымен қатар, қазіргі ән өнерінің майталман орындаушысы Қайрат Байбосыновтың
шығармашылығы арқылы Үкілі Ыбырай ән мұрасының орындаушылық қырлары ашып көрсетілген. Үкілі Ыбырай әндерінің танымалдылығына, насихатталуына Қайрат Байбосыновтың үлесі
ерекше болғаны сөзсіз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы» ғылыми журналы жарияланған материалдарға ашық қолжетімділік (Open Access) саясатын ұстанады. Журнал редакциясы ғылыми білімді еркін және тең дәрежеде тарату қағидатына негізделе отырып, зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік филология ғылымының дамуына, академиялық коммуникацияның нығаюына және отандық зерттеулердің халықаралық ғылыми кеңістікке ықпалдасуына ықпал етеді деп есептейді.
1. Еркін және тегін қолжетімділік
Журналда жарияланған барлық мақалалар басылымның ресми сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық пайдаланушылар үшін шектеусіз, тіркеусіз және ақысыз қолжетімді.
Пайдаланушылардың құқықтары:
-
материалдарды еркін оқу және жүктеп алу;
-
жарияланым мәтіндерін көшіру және тарату;
-
мақалаларды басып шығару;
-
авторын және жарияланған дереккөзін міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды ғылыми және білім беру мақсаттарында пайдалану.
2. Лицензиялау
Журнал материалдары Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясы негізінде таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Аталған лицензия авторлықты және түпнұсқа жарияланымға сілтемені міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану, көшіру, тарату және бейімдеу құқығын береді.
3. Ашық қолжетімділіктің артықшылықтары
Ашық қолжетімділік саясаты мыналарды қамтамасыз етеді:
-
ғылыми жарияланымдардың көрінуі мен дәйексөзделу деңгейінің артуын;
-
филология, тіл білімі, әдебиеттану және аударматану салаларындағы зерттеу нәтижелерінің жедел таралуын;
-
халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюін;
-
оқырмандардың қаржылық және техникалық кедергілерсіз өзекті ғылыми ақпаратқа қол жеткізуін.
Журнал редакциясы редакциялық үдерістердің ашықтығын, рецензиялау сапасының жоғары деңгейін және филологиялық зерттеулер саласындағы ғылыми нәтижелердің кең қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады.




